Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…
- 01.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты
- 02.Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Tech-news. Қонақтарға орталықтың музей экспозициясы, робототехника аймағы мен ЖИ көмегімен жұмыс істейтін кинотеатр көрсетілді. Сонымен қатар Alem.ai-дың ұзақмерзімді даму жоспары және жасөспірімдерге технологиялық білім беруге бағытталған TUMO Astana бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Орталықтағы Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасы да назарға ұсынылды. Мұнда бірнеше зерттеу жобасы қолға алынған. Олардың қатарында NeuroLearn бар. Жоба ЖИ, нейроғылым және оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделетін оқыту әдістерін зерттейді. Тағы бір бастама — ParkScreen. Ол Паркинсон ауруының белгілерін ерте кезеңде анықтауға арналған ЖИ скрининг әдістерін әзірлеуге бағытталған. Іс-шара аясында Гент университетінің атынан Қазақстанның дарынды оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды. Құралға физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары Франсуа Энглер мен Герард ’т Хоофттың, астроном Мишель Майордың және бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбалары қойылған. Сообщение Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →Anthropic 为华尔街打开账目,显示创纪录的收入和不断增加的债务
Anthropic 是第一个向 SEC 提交 S-1 的大型人工智能实验室,计划在纳斯达克上市,股票代码为“ANT”。这些数字很强劲,季度收入达 116 亿美元,营业利润首次实现,现有客户的支出同比增长九倍……
Создание агентной системы извлечения на базе Amazon Bedrock с CDK
AWS Machine Learning описывает создание агентной системы извлечения на базе Amazon Bedrock с использованием AWS CDK.
Кэширование запросов для ИИ-агентов на Amazon Bedrock
Кэширование запросов позволяет ИИ-агентам на Amazon Bedrock быть более эффективными.