All Articles
2 min read
Общее🇰🇿 Казахстан2026年11月3日

Andrei Karpati 启动了 HackerTube 项目:20 年来的黑客新闻产品收集在一个网站上

人工智能专家 Andriy Karpati 推出了一项名为 HackerTube 的新服务,作为 YouTube 算法的替代方案。该平台收集了过去 20 年来 Hacker News 论坛用户互相推荐的 YouTube 视频。该项目的主要部分,...

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.人工智能专家 Andriy Karpati 推出了一项名为 HackerTube 的新服务,作为 YouTube 算法的替代方案。该平台收集了过去 20 年来 Hacker News 论坛用户互相推荐的 YouTube 视频。该项目的主要部分,...
Andrei Karpati 启动了 HackerTube 项目:20 年来的黑客新闻产品收集在一个网站上

Жасанды интеллект маманы Андрей Карпати YouTube алгоритмдеріне балама ретінде HackerTube атты жаңа сервисті таныстырды. Платформада соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде Hacker News форумының қолданушылары бір-біріне ұсынған YouTube видеолары жинақталған. Жобаның негізгі бөлігін, соның ішінде деректерді талдау мен сайтты әзірлеуді Claude нейрожелісі орындаған, деп хабарлайды Tech-news. Карпати бұл идеяға YouTube-тың ұсыныстар жүйесіне көңілі толмағандықтан келген. Оның пікірінше, платформа алгоритмдері көрерменнің қызығушылығына қарай видео ұсынғанымен, мұндай тәсіл кейде сапалы әрі мазмұнды материалдарды назардан тыс қалдырады. Сондықтан ол алгоритмдік ұсыныстардың орнына адамдардың өзара бөліскен пікірлері мен кеңестеріне сүйенетін сервис жасауды ұйғарған. Жобаның дереккөзі ретінде бағдарламашылар мен стартап негізін қалаушылар арасында танымал Hacker News форумы алынған. Claude 2007–2026 жылдар аралығындағы шамамен 43 млн пікірді талдап, спамды алып тастаған. Нәтижесінде қолданушылар YouTube-тен көруге кеңес берген 40 мыңға жуық пікір анықталған. Осы деректер негізінде 150 тақырыптық санатқа бөлінген 6454 видео іріктелді. Каталогқа технология, бағдарламалау және басқа да бағыттардағы материалдар енген. Жобада негізгі модель ретінде Claude Opus 5.5 қолданылған. Ал пікірлерді жаппай саралау және тақырыптарға бөлу жұмысын жеңілірек Claude Sonnet моделі атқарған. Карпатидің айтуынша, Claude Code қосымшасында жобаны әзірлеуге шамамен екі сағат кеткен. Карпати қолмен небәрі үш жұмыс атқарған: Google Cloud консолінде YouTube API кілтін жасаған, сервер жалдаған және домен сатып алған. Сайтты іске қосу, қауіпсіздік параметрлерін баптау және кодты оңтайландыру міндеттерін Claude-қа тапсырған. HackerTube-ты пайдалану үшін тіркелудің қажеті жоқ. Қолданушының көру тарихы мен жеке баптаулары браузерде сақталады. Видеоларды тақырыбы, ұзақтығы және жарияланған уақыты бойынша сүзуге болады. Сервистің тағы бір ерекшелігі — видео карточкаларында авторлар арнайы әзірлеген мұқаба суреттерінің орнына роликтің орта тұсынан алынған кадр көрсетіледі. Бұл көрерменге видеоны тек тартымды мұқабасына қарап емес, нақты мазмұнына сүйеніп таңдауға мүмкіндік береді. Сообщение Андрей Карпати HackerTube жобасын іске қосты: 20 жылдық Hacker News ұсыныстары бір сайтқа жинақталды появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Общее1 мин

Prada 在圣诞广告中放弃了神经网络,依靠手工动画

🎄 Prada 在圣诞广告中放弃了神经网络,转而依赖手工动画。这家意大利时装屋推出了“Drawing Prada: Animated By Hand”活动,其中每个动画帧都是由艺术家手绘的。传说中的...

Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ