Chery 2026 саммитінде ұшатын такси, ақылды көліктер мен робот таныстырылды
Қытайдың Уху қаласында өткен Chery International User Summit 2026 халықаралық саммитіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды Tech-news. Іс-шарада ұшатын такси, автономды тұрақ жүйесі бар OMODA JAECOO көліктері, жасанды интеллект негізіндегі…
- 01.Қытайдың Уху қаласында өткен Chery International User Summit 2026 халықаралық саммитіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды Tech-news
- 02.Іс-шарада ұшатын такси, автономды тұрақ жүйесі бар OMODA JAECOO көліктері, жасанды интеллект негізіндегі…

Қытайдың Уху қаласында өткен Chery International User Summit 2026 халықаралық саммитіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды Tech-news. Іс-шарада ұшатын такси, автономды тұрақ жүйесі бар OMODA JAECOO көліктері, жасанды интеллект негізіндегі робот және жаңа буындағы OMODA X кроссовері таныстырылды. Қазақстандық делегация да саммитке қатысып, гибрид көліктер арасындағы отын үнемдеу жарысында екінші орын алды. Саммиттің ашылуында Chery Automobile Co. компаниясының президенті Инь Тунъюэ автоконцерннің даму бағытына тоқталды. Оның айтуынша, Chery сырттай автомобиль өндіруші болып көрінгенімен, шын мәнінде жоғары технологиялық инновациялық компания ретінде дамып келеді. Компания басшысы жасанды интеллектінің өндіріс пен бизнеске ықпалы артып келе жатқанын да атап өтті. Оның пікірінше, AI жұмыс тиімділігін арттырғанымен, адамның жауапкершілігін, шешім қабылдау қабілетін және адами қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Ал жаңа технологияларды өз қызметіне енгізбеген компаниялар болашақта бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін. Бұл ұстаным Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Bridge форумында айтқан технологияларды адамзат игілігіне пайдалану туралы пікірлерімен үндеседі. Іс-шараның негізгі бөлімдерінің бірі интеллектуалды көлік жүйелеріне арналды. Қатысушылар ұшатын такси жобасымен және OMODA JAECOO автомобильдеріндегі жаңа технологиялармен танысты. Олардың қатарында жүргізушінің қатысуынсыз тұраққа қоя алатын жүйе мен интеллектуалды кокпит бар. Соңғысы көліктің негізгі функцияларын бір орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Робототехника мен жасанды интеллект әзірлемелеріне де жеке күн арналды. AiMOGA таныстырылымында MoBo атты робот-компаньон көрсетілді. Ол балалы отбасыларға және егде жастағы адамдарға күнделікті тұрмыста көмектесуге арналған. 2027 жылы Chery компаниясының құрылғанына 30 жыл толады. Қазір оның портфелінде 17 автомобиль бренді бар. Ал OMODA және JAECOO брендтері нарыққа үш жыл бұрын шығып, бастапқыда халықаралық экспортқа бағытталған. Бүгінде бұл екі брендтің жылдық сатылымы 800 мың автомобильге жеткен. Оның 48%-ы Еуропа нарығына тиесілі. Негізгі бағыттардың қатарында Ұлыбритания, Италия және Испания бар. 2026 жылы OMODA JAECOO брендтері Қазақстанда Astana Motors портфеліне қосылды. Автомобильдер Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында құрастырылады. Үш модельдің сатылымы қазан айында басталды. Саммиттегі маңызды таныстырылымдардың бірі – жаңа буындағы OMODA X кроссоверінің прототипі. Компания бұл модельді 2028 жылы Қазақстанда жергілікті өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Саммит аясында Уху – Ханчжоу – Уху бағыты бойынша автомобильдер шеруі ұйымдастырылды. Қатысушылар көліктердің жолдағы мүмкіндіктерін ғана емес, отын тиімділігін де сынады. Қазақстандық экипаж гибридті OMODA 5 SHS-H (HEV) көлігімен жарысқа қатысып, отын үнемдеу көрсеткіші бойынша екінші орын иеленді. Бұл модель Қазақстан нарығына 2026 жылдың қараша айында шығады деп күтілуде. Сообщение Chery 2026 саммитінде ұшатын такси, ақылды көліктер мен робот таныстырылды появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →我们赠送 6 份 ChatGPT Plus 和 ChatGPT Go 订阅
我们赠送 6 份 ChatGPT Plus 和 ChatGPT Go 订阅。我们正在推出带有 CG 日记的新赠品。 CG日记是Sergei Frolov的作者关于人工智能、计算机图形学、视觉特效和电影的频道。他们在这里分享数字创意世界的经验、有趣的项目和观察……
德国巴斯夫开始在哈萨克斯坦生产金属采矿试剂
德国巴斯夫开始在哈萨克斯坦生产用于金属采矿的试剂。国际化学公司巴斯夫与哈萨克斯坦公司 Topan 一起在乌拉尔斯克建立了浮选试剂生产厂。他们帮助采矿公司分离有用的……