Kraken 正准备进入哈萨克斯坦市场
哈萨克斯坦政府与国际加密平台 Kraken 签署了关于发展数字资产市场的谅解备忘录。此外,该公司已获得阿斯塔纳国际金融中心(AFSA)金融服务监管委员会的初步批准,可在哈萨克斯坦开展业务……
- 01.哈萨克斯坦政府与国际加密平台 Kraken 签署了关于发展数字资产市场的谅解备忘录。此外,该公司已获得阿斯塔纳国际金融中心(AFSA)金融服务监管委员会的初步批准,可在哈萨克斯坦开展业务……

Қазақстан үкіметі мен халықаралық криптоплатформа Kraken цифрлық активтер нарығын дамыту жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен қатар компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) Қазақстанда жұмыс істеуге алдын ала мақұлдау алды, деп хабарлайды Tech-news. Келісімге AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында қол жеткізілді. Кездесуге Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Kraken платформасының тең бас атқарушы директоры Дэвид Рипли қатысты. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Kraken цифрлық қаржы нарығын дамыту, блокчейн технологияларын енгізу және цифрлық активтерге қатысты реттеу тәсілдерін жетілдіру мәселелерінде бірлесіп жұмыс істемек. Тараптар дәстүрлі банк жүйесін цифрлық активтер нарығымен байланыстыруға, білім беру жобаларын іске асыруға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға да назар аудармақ. Қазақстан үшін халықаралық тәжірибені пайдалану және елдің өңірлік криптохаб ретіндегі әлеуетін күшейту де маңызды бағыттардың бірі саналады. Осы ретте «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) ынтымақтастыққа басымдық берілмек. AFSA-ның алдын ала мақұлдауы — компанияны лицензиялау үдерісіндегі маңызды кезең. Дегенмен бұл толық лицензия берілді дегенді білдірмейді. Kraken белгіленген талаптарды орындағаннан кейін ғана АХҚО-ның реттелетін юрисдикциясында қызметін бастауға мүмкіндік алады. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтурсыновтың айтуынша, Kraken сияқты ірі халықаралық ойыншылардың келуі отандық цифрлық активтер индустриясын дамытуға ықпал етіп, заманауи қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуі мүмкін. Ал Kraken-ді басқаратын Payward компаниясының тең бас атқарушы директоры Дэвид Рипли Қазақстан нарығына шығуды компания үшін маңызды кезең деп атады. Оның сөзінше, компания мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық активтерге арналған қауіпсіз әрі ашық экожүйені дамытуға мүдделі. Kraken — 2011 жылы АҚШ-та құрылған халықаралық криптоплатформа. Ол жеке және институционалдық клиенттерге криптовалюталарды сатып алу, сату, сақтау және саудалау қызметтерін ұсынады. Платформаны Payward компаниялар тобы басқарады. Kraken Солтүстік Америка мен Еуропаны қоса алғанда, бірнеше өңірде жұмыс істейді және цифрлық активтермен қатар фиаттық валюталарды да қолдайды. Қазақстанмен жасалған келісім халықаралық криптоплатформалардың жергілікті нарыққа қызығушылығын көрсетеді. Алайда Kraken-нің Қазақстандағы қызметі толыққанды лицензия алу және реттеуші талаптарды орындау барысына байланысты болады. Сообщение Kraken Қазақстан нарығына шығуға дайындалып жатыр появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →国际加密平台Kraken进军哈萨克斯坦数字资产市场
在AI & Digital Bridge 2026国际论坛框架内,哈萨克斯坦总理奥尔扎斯·别克捷诺夫与国际加密平台Kraken联合首席执行官大卫·里普利举行了会晤。双方在会晤中讨论了数字资产市场发展前景…
哈萨克斯坦政府批准2026-2029年无人系统发展综合计划:聚焦主权生产、出口和"单一窗口"原则的数字化
根据哈萨克斯坦共和国政府2026年10月13日第898号决议,批准了2026-2029年无人系统发展综合计划。该文件建立统一法律基础,奠定数字和物理基础设施,并刺激…
Timur Turlov的Freedom与NVIDIA、花旗、中国移动和AWS达成合作
哈萨克斯坦宣布2026年为数字化和人工智能年。哈萨克斯坦总统托卡耶夫于1月签署了相关总统令。这意味着将人工智能(AI)积极引入所有主要生活领域。包括…