微软退出英国一个大型 IT 数据中心项目
尽管失去了微软的支持,Nscale 并没有放弃建设英国最大人工智能数据中心的计划。然而,位于埃塞克斯郡劳顿的该设施将比原计划多次通电。
- 01.尽管失去了微软的支持,Nscale 并没有放弃建设英国最大人工智能数据中心的计划。然而,位于埃塞克斯郡劳顿的该设施将比原计划多次通电。

Nscale компаниясы Microsoft қолдауынан айырылғанына қарамастан, Ұлыбританиядағы ең ірі жасанды интеллектке арналған деректер орталығын салу жоспарынан бас тартпайды. Алайда Эссекс графтығындағы Лотон қаласында орналасатын нысан электр қуатына қосылуды бастапқы жоспардан бірнеше жыл кеш күтуі мүмкін, деп хабарлайды Tech-news. Nscale технологиялық компаниясы өткен жылы Лотонда AI есептеулеріне арналған ірі дата-орталық салуға шамамен 2,65 млрд доллар инвестициялайтынын мәлімдеген. Жоба аясында Microsoft суперкомпьютерді қаржыландыруға тиіс болған. Бірақ BBC мәліметінше, америкалық технологиялық алпауыт бұл бастамаға қатысуын тоқтатқан. Nscale жобаны жүзеге асыру үшін электр энергиясының балама көздерін қарастырып жатыр. Компания өкілдері Microsoft-пен басқа халықаралық жобалар бойынша серіктестік жалғасатынын атап өтті. Екі компания Норвегия, Португалия және АҚШ-тағы жобалар аясында бірге жұмыс істеп жатыр. «Біз Лотондағы жобаға және Ұлыбритания нарығына деген міндеттемемізді сақтаймыз. Қазір нысанды энергиямен қамтамасыз етудің балама жолдарын, сондай-ақ елдегі басқа кеңейту мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», — деді Nscale өкілі. Жобаға қатысты негізгі мәселелердің бірі — электр желісіне қосылу мерзімі. Бастапқы жоспар бойынша, нысан жыл соңына дейін электр қуатына қол жеткізуі керек еді. Алайда The Telegraph басылымының жексенбі күнгі хабарлауынша, қажетті қуат көзі тек 2030-жылдары қолжетімді болуы мүмкін. Nscale бұл кідірісті Лондонның электр желісіндегі инфрақұрылымдық мәселелермен байланыстырды. Компанияның айтуынша, жағдай оның басқа келісімшарттарына әсер етпейді. Жоба толық іске қосылған кезде шамамен 250 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Дегенмен электр қуатына қосылу мерзімінің кейінге шегерілуі құрылыстың әрі қарайғы кестесіне ықпал етуі мүмкін. Microsoft өткен айда Ұлыбританияға салатын 30 млрд доллар инвестициясының бір бөлігін Лотондағы суперкомпьютерді қаржыландыруға бағыттайтынын жариялаған еді. Қазір компания жобадан шығуына қатысты түсініктеме берген жоқ. Сообщение Microsoft Ұлыбританиядағы ірі ЖИ дата-орталығы жобасынан шықты появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →Anthropic’s IPO filing reveals its strategy for keeping enterprise customers hooked
Anthropic’s S-1 shows more than half of its $100,000-plus customers now use both the Claude Platform and a first-party app, a cross-selling playbook reminiscent of Amazon that’s making enterprise customers stickier.