All Articles
2 min read
Политика и регулирование🇰🇿 Казахстан2026年10月28日

哈萨克斯坦将在农业中引入人工智能并实现水资源数字化

哈萨克斯坦拟加快人工智能在农业中的应用,实现水资源管理系统数字化。卡西姆-若马尔特·托卡耶夫总统要求政府在短时间内提高灌溉农业的效率和国家水资源信息系统......

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.哈萨克斯坦拟加快人工智能在农业中的应用,实现水资源管理系统数字化。卡西姆-若马尔特·托卡耶夫总统要求政府在短时间内提高灌溉农业的效率和国家水资源信息系统......
哈萨克斯坦将在农业中引入人工智能并实现水资源数字化

Қазақстан ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні қолдануды жеделдетіп, су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыруды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруды және Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Tech-news. Мемлекет басшысының айтуынша, NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг өткен аптада Астанаға жасаған сапары кезінде Қазақстанның аграрлық секторына жасанды интеллект технологияларын енгізу қажеттігін айтқан. Тоқаев бұл ұсынысты қолдап, оны жедел іске асыру керегін атап өтті. Президенттің пікірінше, Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыра алса, болашақта Еуразиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі орталықтардың біріне айналуы мүмкін. Ол үшін еліміздің су көздеріне жақын орналасқан кең аумақтарын суармалы егіншілікке пайдалану ұсынылды. Мұндай тәсіл дәстүрлі дақылдардың өнімділігін 2–2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жерлерді игеру кезінде суды үнемдейтін технологиялар мен агрохимиялық шешімдерді қолдану қажет. Президент бұл бағыттағы жұмыстың қазіргі тиімділігі жеткіліксіз екенін айтты. Тоқаев су тапшылығын шешу үшін су ресурстарын басқару жүйесін түбегейлі жетілдіру қажеттігін де атап өтті. Үкімет пен әкімдіктер су тұтынуды бақылауды күшейтіп, желілердегі су шығынын азайтуы керек. Сондай-ақ ауызсуды мақсатсыз пайдалануға, соның ішінде автожуу орындарында қолдануға жол бермеу тапсырылды. Мемлекет басшысы судың нақты құнын ескеріп, су тұтыну саласындағы тарифтік реформаны аяқтауды міндеттеді. Оның айтуынша, суға ұқыпты қарау шаруашылық жүргізудің негізгі қағидаларының біріне айналуы тиіс. Су ресурстарын есепке алу мен басқаруда цифрлық құралдарды толық пайдалану да маңызды. Бұл жаңа өндіріс орындарын жоспарлау кезінде нақты деректерге сүйеніп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Үкімет Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін қысқа мерзімде іске қосу жұмыстарын аяқтауы керек. Сообщение Қазақстан ауыл шаруашылығына AI енгізіп, су ресурстарын цифрландырмақ появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Политика и регулирование1 мин

将使用人工智能监控预算支出

卡西姆-若马特·托卡耶夫指示政府和国家银行创建自动化预算管理系统

Kapital.kz
Политика и регулирование1 мин

哈萨克斯坦将人工智能引入农业

NVIDIA 首席执行官黄仁勋 (Jensen Huang) 表示,引入人工智能将有助于扩大灌溉农业规模并提高生产力

Kapital.kz