All Articles
3 min read
Исследования🇰🇿 Казахстан2026年9月17日

Қазақстан Қытайдың AI-технологияларын өңірлерге енгізу бойынша келісімге келді

Қазақстанның 11 өңірінің өкілдері Қытайдың Ханчжоу, Гонконг және Шэньчжэнь қалаларына жұмыс сапарымен барып, жасанды интеллект пен цифрлық басқару шешімдерін зерттеді. Сапар қорытындысында қазақстандық өңірлерде IT-компаниялармен бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу мәселесі…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.Қазақстанның 11 өңірінің өкілдері Қытайдың Ханчжоу, Гонконг және Шэньчжэнь қалаларына жұмыс сапарымен барып, жасанды интеллект пен цифрлық басқару шешімдерін зерттеді
  • 02.Сапар қорытындысында қазақстандық өңірлерде IT-компаниялармен бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу мәселесі…

Қазақстанның 11 өңірінің өкілдері Қытайдың Ханчжоу, Гонконг және Шэньчжэнь қалаларына жұмыс сапарымен барып, жасанды интеллект пен цифрлық басқару шешімдерін зерттеді. Сапар қорытындысында қазақстандық өңірлерде IT-компаниялармен бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Tech-news. Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қытайдағы жұмыс сапарын аяқтады. Вице-министр Бақтияр Мұхаметқалиев бастаған делегация үш қалада технологиялық компаниялармен кездесіп, AI мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту тәжірибесімен танысты. Сапардың негізгі мақсаты — Қытайдың қалалар мен өңірлерді басқаруда жасанды интеллектті қолдану тәсілдерін зерттеу және Қазақстан өңірлері мен технологиялық компаниялар арасында тікелей байланыс орнату. Ханчжоуда делегация деректер мен жасанды интеллектке негізделген қалалық басқару жүйелерін зерттеді. Кездесулер Alibaba, H3C, Dahua Technology, Unitree Robotics, Zhejiang Communications Investment Group және басқа ұйымдардың өкілдерімен өтті. Талқыланған бағыттар: City Brain — қаланы деректер мен AI арқылы басқару жүйесі; Интеллектуалды көлік; Коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды цифрландыру; Робототехника; Қалалық басқаруда жасанды интеллектті қолдану. Сапар барысында Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Zhejiang Gaoxin Technology Co., Ltd. арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат жасанды интеллект, цифрлық трансформация және AI-Native cities & regions бағыттарындағы бірлескен жұмысты көздейді. Сонымен қатар компания Қазақстанның бірқатар өңірлерімен жеке ынтымақтастық құжаттарына қол қойды. Қазақстандық делегация Гонконгта өткен Belt and Road Summit форумына қатысты. Вице-министр Бақтияр Мұхаметқалиев Қазақстанның AI-Native cities & regions моделін дамытуға және технологиялық әрі инвестициялық серіктестер тартуға қатысты ұстанымын таныстырды. AI-Native cities & regions — жасанды интеллект пен деректер қаланың немесе өңірдің басқару жүйесіне бастапқы кезеңнен енгізілетін модель. Яғни AI жекелеген сервистермен шектелмей, көлік, энергетика, инфрақұрылым және басқа салалардағы шешімдердің бір бөлігіне айналады. Форум аясында қалалық ұтқырлық, пилотсыз технологиялар және оларды іске қосуға қажетті инфрақұрылым мәселелері қаралды. Делегация Hong Kong Science and Technology Park орталығына да барып, Гонконгтың технологиялық экожүйесімен және ақылды қалаларға арналған шешімдерімен танысты. Шэньчжэнь қаласында кездесулер қалалық және өңірлік басқаруда AI мен цифрлық технологияларды қолдануға арналды. Қазақстан өкілдеріне компьютерлік көру, бейнеаналитика, интеллектуалды көлік, автономды логистика, цифрлық егіздер және кешенді қала құрылысы салаларындағы шешімдер ұсынылды. Тараптар Қазақстан өңірлерінде отандық IT-компаниялармен бірлесіп пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндігін талқылады. Кейін олардың нәтижелері мен басқа өңірлерге масштабтау әлеуетін бағалау жоспарланып отыр. Вице-министр Бақтияр Мұхаметқалиевтің айтуынша, Қытайға сапар 2026 жылғы шілдеде Шанхайда өткен Мемлекет басшысының сапары қорытындысында қалыптасқан Қазақстан–Қытай уағдаластықтарының жалғасы болды. «Бүгінгі таңда Қазақстан smart city жекелеген шешімдерінен деректер мен жасанды интеллект қалалар мен өңірлерді басқару жүйесінің бір бөлігіне айналатын AI-Native cities & regions моделіне дәйекті түрде көшуде», — деді ол. Министрлік сапар қорытындысы бойынша Қытайдың технологиялық және сараптамалық ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Негізгі бағыттар — тәжірибе алмасу, өңірлерде бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу және қазақстандық IT-компаниялардың халықаралық технологиялық серіктестермен байланысын дамыту. Сообщение Қазақстан Қытайдың AI-технологияларын өңірлерге енгізу бойынша келісімге келді появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Исследования1 мин

OpenAI 宣布三项重大科学发现以及与学术界合作的新方式

OpenAI 大规模发布数百份手稿(据称这些手稿包含了长期存在的数学问题的解决方案)不到一个月,又在数学、计算机科学和物理学领域带来了三项“重大”发现。这次的不同之处在于选择...

The Verge — AI
Исследования1 мин

如何使用 AI 设计代理自动创建内容(完整教程)

这些帖子都不是我设计的,但它们都是我的人工智能品牌的风格。如果您经营一个频道,您每天的新闻都需要这些视觉效果。我设置了一项任务,代理自行创建了所有任务。这是所有设置,以便您可以创建...

YouTube — AI Master