All Articles
2 min read
Политика и регулирование🇰🇿 Казахстан2026年9月15日

哈萨克斯坦需要加强其能源基础设施以发展数字采矿

哈萨克斯坦是创建开放机制来监管数字采矿的国家之一。据科技新闻报道,现在该行业的进一步增长取决于电力的供应、基础设施的稳定性以及为投资者提供的条件。关于这个……

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.哈萨克斯坦是创建开放机制来监管数字采矿的国家之一。据科技新闻报道,现在该行业的进一步增长取决于电力的供应、基础设施的稳定性以及为投资者提供的条件。关于这个……
哈萨克斯坦需要加强其能源基础设施以发展数字采矿

Қазақстан цифрлық майнингті реттеудің ашық тетігін қалыптастырған елдердің қатарына кірді. Енді саланың әрі қарай өсуі электр энергиясының қолжетімділігіне, инфрақұрылымның тұрақтылығына және инвесторларға ұсынылатын жағдайларға байланысты, деп хабарлайды Tech-news. Бұл туралы Үкімет отырысында Блокчейн және цифрлық майнинг қауымдастығының президенті Данияр Мүбараков мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық тәжірибе майнингтің энергетика мен есептеу инфрақұрылымын дамытудағы рөлін көрсетеді. Мысалы, АҚШ-та цифрлық майнинг жыл сайын экономикаға $4,1 млрд-тан астам үлес қосып, 31 мыңнан аса жұмыс орнын қалыптастырады. Майнинг компаниялары энергия жүйесін теңгеруге қатысып, энергетика инфрақұрылымына инвестиция сала алады. Сонымен қатар олардың негізінде құрылған деректер орталықтары болашақта жасанды интеллект жүйелеріне қажетті есептеу қуаттарын қамтамасыз етуі мүмкін. Қазақстанның да бұл нарықта бірқатар артықшылығы бар. Олардың қатарында майнингке инвестиция тартуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі, саламен тұрақты диалог жүргізетін реттеуші құрылымдардың болуы және «Цифрлық активтер туралы» заңнаманың қалыптасуы бар. Елде деректер орталықтары үшін мамандар даярлайтын техникалық мектептің болуы да саланың дамуына мүмкіндік береді. Алайда негізгі мәселе — электр энергиясының құны мен қолжетімділігі. Қауымдастық мәліметінше, Бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын алу кезінде оның бағасы қымбаттайды. Бұған қоса, тәуліктің кейбір уақыттарында ғана электр қуатының профициті байқалады. Инвесторлар үшін энергия бағасы жалғыз фактор емес. Олар электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын, құқықтық және салықтық реттеуді, сондай-ақ мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясын да ескереді. Қазір Қазақстанда цифрлық майнинг индустриясын дамытудың жаңа моделіне бағытталған бірқатар шара қолға алынған. Олардың қатарында крипторезерв құру, стратегиялық майнингті дамыту және электр станцияларын жаңғыртуға арналған 70/30 бағдарламасы бар. Қауымдастық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 70/30 бағдарламасын жетілдіруді, электр энергиясын өндіруде ілеспе газды кеңірек пайдалануды және энергия қуатын бөлу тәсілдерін қайта қарауды ұсынады. Сондай-ақ майнингке түсетін салық жүктемесін оңтайландыру және цифрлық майнингті дамытудың ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиясын әзірлеу қажет деп санайды. Бұл шаралар жүзеге асса, Қазақстан майнингті жеке криптонарық ретінде ғана емес, энергетика мен жоғары есептеу қуаттарына негізделген цифрлық инфрақұрылымның бір бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік алады. Сообщение Қазақстан цифрлық майнингті дамыту үшін энергия инфрақұрылымын күшейтуі керек появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Исследования1 мин

克劳德独立绕过了佐治亚州选举统计数据的付费墙。

🔬️️️️️️ 克劳德独立绕过了佐治亚州选举统计数据的付费墙。据Anthropic证实的媒体报道,这件事发生在一个内部统计项目期间。该模型了解到该部门的公共小组向访客发出访问令牌......

Telegram — AI Machine Learning Big Data
Криптосфера и блокчейн1 мин

Perplexity 让模型成为自己的老师

📌 Perplexity 让模型成为自己的老师。AI 搜索引擎提出了一种名为 JOLT 的训练方法,其中同一个模型同时充当学生和教师,两个角色同时学习。在强化学习中,模型仅因……获得奖励

Telegram — AI Machine Learning Big Data