哈萨克斯坦将优先发展数字经济
托卡耶夫总统在阿斯塔纳的讲话中讨论了数字化发展方向。会议上,人工智能引入经济、国内IT企业的支持、数字平台的发展、数据中心的能源供应……
- 01.托卡耶夫总统在阿斯塔纳的讲话中讨论了数字化发展方向。会议上,人工智能引入经济、国内IT企业的支持、数字平台的发展、数据中心的能源供应……

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы цифрлық даму бағыттары талқыланды. Кездесулерде жасанды интеллектіні экономикаға енгізу, отандық IT-компанияларды қолдау, цифрлық платформаларды дамыту және деректер орталықтарын энергиямен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Tech-news. Елордада өткен кездесулерге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев, «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин және энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс қатысты. Талқылаулар Astana Hub, Нұра ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтті. Негізгі мақсат — Мемлекет басшысы белгілеген міндеттердің экономика мен түрлі салаларға ықпалын түсіндіру. Цифрлық экономика жаңа табыс көздерін ашады Astana Hub-тағы кездесуде отандық IT-компаниялар мен стартаптардың мүмкіндіктері сөз болды. Дархан Ахмедиевтің айтуынша, Президент Жолдауында көтерілген міндеттердің басым бөлігі цифрлық шешімдерді қажет етеді. Бұл қазақстандық әзірлеушілердің өнімдеріне сұранысты арттыруы мүмкін. Депутат халықтық цифрлық экономикаға көшудің маңызын атап өтті. Егер бұрын цифрландыру көбіне электронды үкімет қызметтерін дамытуға бағытталса, енді технологиялар азаматтардың табыс табуына, кәсіп ашуына және еңбек өнімділігін арттыруға кеңінен қолданылуы керек. Мысалы, өңір тұрғындары цифрлық платформалар арқылы өз өнімдерін маркетплейстерде сата алады, шетелдік тапсырыс берушілермен жұмыс істеп, қашықтан қызмет көрсетуге мүмкіндік алады. Ахмедиевтің мәліметінше, соңғы бес жылда Қазақстанның IT қызметтері экспорты шамамен 30–33 млн доллардан 1 млрд долларға дейін өскен. Оның пікірінше, келесі кезеңде отандық компаниялардың халықаралық нарыққа шығуына жағдай жасау маңызды. IT саласына кіру жеңілдеді, бірақ бәсеке күшейіп келеді «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин жасанды интеллект құралдарының кәсіпкерлікке ықпалына тоқталды. Оның айтуынша, AI агенттері бағдарламалау тәжірибесі жоқ адамдарға да цифрлық өнім әзірлеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұрын қосымша жасау үшін арнайы техникалық білім мен бағдарламалау дағдылары қажет болса, қазір кейбір міндеттерді пайдаланушының тапсырмасы бойынша код жаза алатын ЖИ құралдары орындайды. Дегенмен технологияның қолжетімді болуы бәсекелестікті де арттырады. Сондықтан кәсіпкерлерге жаңа құралдарды меңгеріп, білімін үнемі жетілдіру қажет. Мусин цифрлық кәсіпкерлікті тек ірі технологиялық компаниялармен шектемеу керегін айтты. Жеке мамандардың шағын жобалары мен өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін сервистер де экономиканың дамуына үлес қоса алады. Ол үшін талшықты-оптикалық интернетті, мобильді байланысты, деректерді өңдеу орталықтарын дамыту және мамандарды қайта даярлау маңызды. Ауыл шаруашылығы да цифрлық платформаларға көшеді Кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесі де қозғалды. Бағдат Мусиннің пікірінше, фермерлер сапалы өнім өндіргенімен, логистикадағы қиындықтар мен делдалдардың көптігі олардың табысын төмендетуі мүмкін. Бұл мәселені шешудің бір жолы — фермерлерді, банктерді, сатып алушылар мен логистикалық компанияларды біріктіретін цифрлық платформалар құру. Мұндай сервистер өнімді сатуға, тасымалды ұйымдастыруға және төлемдерді жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар Қазақстанда отандық цифрлық платформаларды дамыту қажеттігі айтылды. Қазір танымал сервистердің едәуір бөлігі шетелдік компанияларға тиесілі. Жергілікті өнімдерді көбейту ел ішінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Мусин цифрлық шешімдердің әлеуметтік саладағы рөлін де атап өтті. Мәселен, телемедицина шалғай ауыл тұрғындарына ірі қалаларға бармай-ақ дәрігер кеңесін алуға жағдай жасайды. Білім беру саласында да жаңа ғимараттар салумен қатар онлайн платформалар мен сапалы оқу контентін дамыту қажет. «Халықтық құрылыс» бағдарламасына 6,5 трлн теңге бөлінеді Талқылауда инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы да назардан тыс қалмады. Жоспар бойынша, 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан бұл мақсаттарға шамамен 6,5 трлн теңге бөлу қарастырылған. Қаражат денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет нысандарын салуға және инженерлік желілерді жаңартуға бағытталады. Дархан Ахмедиев мұндай жобаларда цифрлық технологияларды құрылыс басталмай тұрып қолдануға болатынын айтты. Мысалы, қаланың цифрлық сыңары арқылы белгілі бір ауданда аурухана немесе мектеп салудың тиімділігін алдын ала бағалауға болады. Цифрлық модель халық санын, көлік қозғалысын және инженерлік желілерге түсетін жүктемені ескеруге мүмкіндік береді. Бұл құрылыс орнын дұрыс таңдауға және болашақтағы инфрақұрылымдық мәселелерді азайтуға көмектеседі. Деректер орталықтары энергетикалық қуатты қажет етеді Кездесудің тағы бір маңызды тақырыбы — Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі. Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс цифрлық экономиканың дамуы электр энергиясына деген сұранысты арттыратынын айтты. Әсіресе жасанды интеллект жүйелері, деректер орталықтары, телекоммуникациялық желілер мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындары тұрақты электр қуатын қажет етеді. Осыған байланысты Президент Қазақстанның 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін жаңартуды тапсырған. Құжатта экономиканың қазіргі қажеттіліктерімен қатар, алдағы жылдары іске қосылатын технологиялық және инфрақұрылымдық жобалар да ескерілуі керек. Вице-министр энергетикалық нысандарды салу ұзақ уақыт пен қомақты инвестицияны қажет ететінін атап өтті. Сондықтан электр энергиясын өндіру қуаты сұраныстың өсуіне алдын ала дайын болуы тиіс. Мысал ретінде Екібастұз энергетикалық кешені базасында жүзеге асырылып жатқан «Деректер орталықтарының алқабы» жобасы аталды. Оның мақсаты — деректер орталықтарын энергетикалық инфрақұрылымға жақын орналастырып, есептеу қуаттары мен электр энергиясын өндіру мүмкіндіктерін қатар дамыту. Бақытжан Ілияс заманауи көмір генерациясын дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, отандық энергетикалық ресурстарды пайдалану Қазақстан аумағында ірі есептеу орталықтарын орналастырып, халықаралық компанияларға цифрлық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Энергетика саласында цифрлық егіздер пайда болады Энергетика министрлігі 2026 жылы энергетикалық және мұнай-газ нысандарының цифрлық егіздерін жасауға арналған үлгілік IT архитектураны әзірлеуге кіріскен. Оны жыл соңына дейін бекіту жоспарланып отыр. Цифрлық егіз — нақты өндірістік нысанның виртуалды моделі. Оның көмегімен кәсіпорынның жұмысын бақылауға, түрлі сценарийлерді сынауға және өзгерістердің ықтимал салдарын алдын ала бағалауға болады. Мұндай технология жабдықтарды тиімді пайдалануға, өндірістік үдерістерді оңтайландыруға және отын шығынын азайтуға көмектеседі. Вице-министрдің айтуынша, соңғы екі-үш жылда қазақстандық әзірлеушілер SCADA жүйелері мен өндірістік үдерістерді автоматтандыруға арналған өз шешімдерін белсенді дамытып келеді. Алайда энергетика мен мұнай-газ саласында бағдарламалық өнімдердің сенімділігі және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне қойылатын талап жоғары. Кездесулер қорытындысында цифрлық экономиканың дамуы тек жаңа технологияларды енгізумен шектелмейтіні атап өтілді. Ол үшін тұрақты энергетикалық инфрақұрылым, отандық IT өнімдер, сапалы интернет және білікті мамандар қажет. Бұл бағыттардың үйлесімді дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және азаматтардың табысын арттыруға ықпал етуі тиіс. Сообщение Қазақстанда цифрлық экономиканы дамытуға басымдық берілмек появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →扎斯兰·马迪耶夫会见以色列总统并召开政府间委员会会议
作为耶路撒冷工作访问的一部分,副总理兼人工智能和数字发展部长扎斯兰·马季耶夫会见了以色列总统艾萨克·赫尔佐格,并率领哈萨克斯坦代表团出席了第十次哈以会议。
阿斯塔纳中心成立 8 周年 - 让我们与您一起庆祝我们的生日!
🎁 阿斯塔纳中心成立 8 周年 - 让我们和您一起庆祝我们的生日!阿斯塔纳中心将于 11 月 6 日庆祝成立 8 周年!多年来,成千上万的人在IT领域迈出了第一步,创办了自己的初创企业,开启了新的发展机遇。为了庆祝这个节日...
如何开始在 Google Cloud 上使用 Gemini 4 Argon
原因是新闻:Google发布了Gemini 4 Argon和Carbon,并展示了Genie 4。根据官方文档,下面是如何使用它。谁可以在 Google AI Studio、Gemini API、Google Cloud、搜索和 Gem 应用程序中使用 Gemini 4 Argon