All Articles
2 min read
Отраслевой ИИ🇰🇿 Казахстан2026年9月18日

Шанхай AI-инженерлерді даярлауға арналған «3+3+3» бағдарламасын іске қосты

Шанхай билігі үлкен тілдік модельдер мен нейрондық желілерді өндірісте қолдана алатын инженерлерді даярлау үшін «3+3+3» бағдарламасын бекітті. Бастама жасанды интеллект әзірлеу мен оны нақты экономикаға енгізу арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған, деп хабарлайды…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.Шанхай билігі үлкен тілдік модельдер мен нейрондық желілерді өндірісте қолдана алатын инженерлерді даярлау үшін «3+3+3» бағдарламасын бекітті
  • 02.Бастама жасанды интеллект әзірлеу мен оны нақты экономикаға енгізу арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған, деп хабарлайды…
Шанхай AI-инженерлерді даярлауға арналған «3+3+3» бағдарламасын іске қосты

Шанхай билігі үлкен тілдік модельдер мен нейрондық желілерді өндірісте қолдана алатын инженерлерді даярлау үшін «3+3+3» бағдарламасын бекітті. Бастама жасанды интеллект әзірлеу мен оны нақты экономикаға енгізу арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған, деп хабарлайды Tech-news Жаңа бағдарлама үш негізгі топты қамтиды: мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары, инженерлер және жоғары оқу орындарының студенттері. Бірінші топ үшін AI шешімдерін басқару сапасын арттыруға басымдық беріледі. Ал инженерлер мен студенттер үлкен тілдік модельдер мен нейрондық желілерді өндірістік міндеттерді шешуге бейімдеуді үйренеді. Шанхай билігінің мақсаты — алгоритм әзірлеу мен оны зауыттарда қолдану арасындағы технологиялық алшақтықты жою. Бұл бағыттың коммерциялық әлеуетін Jincheng Technology компаниясының тәжірибесі көрсетеді. Штатында 30 қызметкері бар компания үздіксіз және дискретті өндіріс салаларында ондаған жобаны жүзеге асырған. Солардың бірі — Chuanning Biotechnology кәсіпорнында енгізілген AI-инженер жүйесі. Ол ферментация процестерін 99,9% дәлдікпен болжайды. Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорын бір ай ішінде өндіріс көлемін 5%-ға арттырған. Бұл көрсеткіш зауыттың соңғы бес жылдағы жиынтық өндірістік қуат өсімінен де жоғары болған. Қалада жасанды интеллектіні өндірісте қолдану бойынша басқа да жобалар іске асырылып жатыр. Shiyuan Technology компаниясы баспа платаларын тексеру кезінде жабдықты қайта баптау уақытын бірнеше сағаттан 55 секундқа дейін қысқартқан. Ал ауыр машина жасау саласының ірі өкілі Zhenhua Heavy Industries дәнекерлеу ақауларын өндіріс барысында бірден анықтайтын AI жүйесін әзірлеп жатыр. Шанхайдың «3+3+3» бағдарламасы жасанды интеллектіні зертханадан өндіріс цехына жеткізетін мамандарды даярлауға бағытталған. Мұндай инженерлер алгоритмді әзірлеумен қатар, оның нақты кәсіпорындағы жұмысын да ұйымдастыра алады. Сообщение Шанхай AI-инженерлерді даярлауға арналған «3+3+3» бағдарламасын іске қосты появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Исследования1 мин

Anthropic 正在燃烧天然气来推动人工智能的繁荣

在准备上市之际,Anthropic 的 S-1 文件让生成型人工智能对甲烷的依赖变得显而易见。 “对于获得充足电力供应和数据中心位置的竞争非常激烈。”在向美国证券和……提交的文件中

The Verge — AI
Исследования1 мин

FairStress: тест на демографическую справедливость моделей

📌 FairStress: тест на демографическую справедливость моделей Институт Аллена опубликовал набор FairStress для проверки того, меняет ли языковая модель своё решение о человеке из-за его расы, пола, религии, возраста, инвалидности или ориентации в сферах найма, кредитования,…

Telegram — AI Machine Learning Big Data