All Articles
2 min read
Политика и регулирование🇰🇿 Казахстан2026年10月16日

Токаев предложил использовать технологии искусственного интеллекта для защиты биоразнообразия

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев призвал к широкому использованию возможностей искусственного интеллекта и цифровых технологий в сохранении биоразнообразия. Это Международный центр искусственного интеллекта в Астане, занимающийся экологическими исследованиями и ранним обнаружением стихийных бедствий...

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев призвал к широкому использованию возможностей искусственного интеллекта и цифровых технологий в сохранении биоразнообразия
  • 02.Это Международный центр искусственного интеллекта в Астане, занимающийся экологическими исследованиями и ранним обнаружением стихийных бедствий...
Токаев предложил использовать технологии искусственного интеллекта для защиты биоразнообразия

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтауда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға шақырды. Ол Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығын экологиялық зерттеулер мен табиғи қауіптерді ерте анықтауға арналған халықаралық алаң ретінде пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Tech-news. Мемлекет басшысы бұл бастаманы биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі COP17 көшбасшылар саммитінде көтерді. Оның айтуынша, цифрлық технологиялар экожүйелердің жағдайын бақылауға, табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және экологиялық қатерлерді алдын ала болжауға көмектеседі. Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформация ұлттық басымдық ретінде қарастырылатынын атап өтті. Осы бағыттағы тәжірибені халықаралық ынтымақтастыққа пайдалану үшін Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығын бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізетін платформаға айналдыру ұсынылды. Орталықта биоалуантүрлілікке қатысты деректерді талдау, экологиялық қауіптер туралы ерте ескерту жүйелерін әзірлеу және осы салаға қажетті мамандарды даярлау мәселелері қарастырылуы мүмкін. Саммит қорытындысында Қазақстан Президенті Биоалуантүрлілік туралы конвенция хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматыда орналастыруды ұсынды. Мұндай кеңсе Орталық Азия елдеріне Куньмин–Монреаль жаһандық биоалуантүрлілік шеңберлік бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсете алады. Сонымен қатар ғылыми тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпек. COP17 көшбасшылар саммитінде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани де сөз сөйледі. Саммитте көтерілген бастамалар цифрлық технологияларды табиғатты қорғау саласына енгізу және Орталық Азия елдерінің экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастығын дамыту бағыттарын қамтиды. Сообщение Тоқаев биоалуантүрлілікті қорғауға AI технологияларын қолдануды ұсынды появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Исследования1 мин

GPT-6.1 Terra:OpenAI 将中端代理模型的价格减半

🖥️ GPT-6.1 Terra:OpenAI 将中档代理模型的价格减半 OpenAI 发布了 GPT-6.1 Terra,用于基于代理的场景、计算机工作和日常编码。 API 价格是 GPT-5.6 Terra 的一半:每百万输入代币 1 美元,而不是每百万输入代币 2 美元和 6 美元……

Telegram — AI Machine Learning Big Data