🚀 AI көмегімен идеяны табысты бизнеске қалай айналдыруға болады? 7 қараша күні alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Replit компаниясының негізін қалаушы әрі CEO-сы Амджад Масад және Network School негізін қалаушы, Coinbase-тің бұрынғы CTO-сы Баладжи Сринивасанның қатысуымен Fireside Chat өтеді. Replit мәтіндік сұраныстардың көмегімен қосымшалар жасауға және іске қосуға мүмкіндік беретін AI-платформаны дамытып келеді. Кездесуде спикерлер жасанды интеллект әзірлеу процесін қалай өзгертіп жатқаны, шағын командалар үшін қандай мүмкіндіктер ашылатыны және Қазақстандағы стартаптардың жаһандық нарыққа қалай шығуы мүмкін екені туралы талқылайды. 📅 7 қараша, 11:00–12:00 📍 alem.ai, 1-қабат, Event Zone (А. Мәмбетов атындағы театр жағынан кіреберіс) 🌐 Іс-шара тілі — ағылшын тілі