🇺🇸 АҚШ-та стартапыңызды дамытуды жоспарлап жүрсіз бе? Alma компаниясының коммерциялық директоры Данияр Ерденовтің қатысуымен өтетін практикалық воркшопта бизнесті АҚШ нарығына шығаруға байланысты иммиграциялық мәселелер талқыланады. Кездесу Қазақстан мен Өзбекстандағы стартаптардың негізін қалаушылар мен басшыларына, сондай-ақ осы процестерді сүйемелдейтін HR және операциялық менеджерлерге пайдалы болады. Виза алу жолдарын талқылаумен қатар, қатысушылар қажетті құжаттардың чек-листтерін алып, әртүрлі виза түрлері бойынша болжамды мерзімдер мен шығындарды салыстыра алады. 📅 27 қазан, 15:00 📍 Astana Hub, С4.6 блогы, 1-қабат, Event Hall