🚀 AI-стартапыңызды халықаралық нарыққа шығарғыңыз келе ме? Astana Hub пен IT Park Uzbekistan халықаралық нарыққа шығуға дайын стартаптарға арналған Open Call бағдарламасына өтінім қабылдауды жалғастыруда. Бағдарлама шетелдік нарықтардағы қызметін кеңейтіп, халықаралық сатылымдарын дамытуды жоспарлап отырған AI-native стартаптарға бағытталған. Іріктеуден өткен командалар бизнесті дамыту, шетелдік клиенттерді тарту және серіктестік байланыстар орнату бойынша практикалық қолдау алады.