Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-Министрі Хан Сон Сук «Alatau Smart City» жобаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. Тұсаукесер барысында Алатау қаласын дамытудың негізгі бағыттары, соның ішінде заманауи инфрақұрылымды құру, инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қалалық ұтқырлықтың жаңа түрлерін дамыту мәселелері таныстырылды. Жобаны жүзеге асыруға корейлік әріптестердің іс жүзінде қатысуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, K-Smart Town, білім беру және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын құру, қалалық ауаның ұтқырлығы, сондай-ақ цифрлық модельдеу мен жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен бірлескен бастамалар ұсынылды. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен әуе таксилерін пайдалануды көздейтін UAM/UTM қалалық әуе ұтқырлығын басқару жүйесі көрсетілді. «Alatau City» жобасы қала құрылысын, білім беру мен зерттеуді, өнеркәсіп пен логистиканы, цифрлық технологияларды және инвестициялық ынтымақтастықты біріктіретін ашық халықаралық платформа құруға бағытталған. Ұйқы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен барғаны есімізде. Бұған дейін Қазақстан мен жетекші корей компаниялары Алатау ситиді дамыту үшін жаңа жобалармен айналысып жатқаны белгілі болды.

