🛡 ASHYQ: тегін IELTS кітапханасы нені тексереді және неге бұл емтихан ұпайы емес ASHYQ – IELTS және Digital SAT-қа дайындалуға арналған жаттығулардың тегін кітапханасы бар, тіркеусіз қолжетімді қазақша білім беру жобасы. Біз кітапханада жауаптарды тексеру қалай жұмыс істейтінін, «үлгі бойынша тексеру» мен нақты емтихан бағасының арасындағы сызықты және бұл жолдың неліктен маңызды екенін қарастырдық. ASHYQ негізін қалаушы Нұрсайын Әлішер Bluescreen сұрақтарына жауап берді. 📷 Көк экран | Цифрлы Қазақстан