Astana Hub Khan Tengri Innovation Hub-пен бірлесіп өнеркәсіптік AI, робототехника, IIoT, компьютерлік көру және ақылды жабдықтар саласындағы, соның ішінде физикалық құрылғылармен интеграциялауға арналған AI-бағдарламалық жасақтама әзірлейтін стартаптар үшін Industrial AI & Smart Industry Acceleration Program бойынша кіріспе вебинар өткізеді. Вебинарда іріктеу шарттары мен кезеңдерін, Қытайдағы бағдарламаны, Қытай нарығына шығу және индустриялық серіктестер табу мүмкіндіктерін талқылаймыз. Сондай-ақ акселератор қатысушыларына арналған SAFE келісімінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз. Кездесу соңында команда сұрақтарға жауап береді. 📅 12 қазан, 19:00 💻 Онлайн