AI-экономиканы дамыту телекоммуникациялық инфрақұрылымның рөлін түбегейлі өзгертуді талап етеді. AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті. Кездесу жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу жағдайында байланыс желілерін трансформациялаудың басты сын-қатерлері мен келешегін талқылау үшін Қазақстанның ірі телекоммуникация операторларының басшыларын, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдерін тоғыстырды. Панельдік пікірталасқа ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков, GSMA Еуразия өңірінің директоры Таир Исмаилов (модератор), Kcell басқарма төрағасы Асқар Жамбакин, Beeline Қазақстан Холдингінің басқарма төрағасы Джаббор Каюмов, Tele2/Altel басқарма төрағасы Александр Бабичев және Freedom Telecom Holding бас директоры Қайрат Ахметов қатысты. Дискуссияның негізгі тақырыбы цифрлық инфрақұрылымға қойылатын талаптардың түбегейлі өзгеруі болды. Өңделетін деректер көлемі мен ЖИ-модельдері күрделілігінің артуымен ақпарат тарату жылдамдығы ғана емес, сонымен бірге кідірістің барынша аз болуы, жоғары сенімділік және есептеулердің тұтас интеграциясы да аса маңызды мәнге ие болуда. Сессия барысында спикерлер 5G желілері мен келешегі бар 6G стандарттарын дамыту, талшықты-оптикалық инфрақұрылымды кеңейту, шеткі есептеулерді (edge computing) енгізу және желілерді интеллектуалды басқару үшін ЖИ қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков өз сөзінде Қазақстанның ЖИ қолдану бойынша заңнамалық негізді, соның ішінде жүйелерді тәуекел деңгейлеріне қарай бөлуді және ұлттық ЖИ платформасымен жұмыс істеу ережелерін қалыптастырып үлгергенін атап өтті. «AI-экономиканы дамыту телекоммуникациялық инфрақұрылымның рөлін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Бүгінде біз дәстүрлі „адамдарға арналған желілерден“ пайдаланушыларды, автономиялы жүйелерді, деректер орталықтарын және үлестірілген есептеу қуаттарын біріктіретін икемді AI-native инфрақұрылымына өтуді бақылап отырмыз. Еліміздің географиясын ескере отырып, Қазақстан оптикалық арналарды, 5G желілерін, edge computing және спутниктік байланысты біріктіретін гибридті модельді дамытуда. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі осы инфрақұрылымның бірыңғай цифрлық ортаға қаншалықты тиімді біріктірілгенімен айқындалады», — деді Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков. Панельдік сессия аясында тараптар, сондай-ақ, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы негізгі телекоммуникациялық хаб ретіндегі стратегиялық рөлін, деректерді шекарааралық эркін әрі қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуді және отандық әзірлеушілерді мемлекеттік қолдау механизмдерін, соның ішінде ЖИ-шешімдерін басымдықпен сатып алу мен ішкі нарықты ынталандыруды талқылады. Сессия қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшы позициясын нығайта отырып, ДӨО-ның орнықты экожүйесін қалыптастыру және елдің цифрлық байланысын дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Материал бастапқы дереккөзден алынған:
Profit.kz — ИТ в Казахстане
Толық мәтінді Profit.kz — ИТ в Казахстане сайтында оқуМатериал ашық дереккөздерден жиналған. Оның орналастырылуы сіздің құқықтарыңызға тиіп жатса → Ақпаратты жою
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды
AI-экономиканы дамыту телекоммуникациялық инфрақұрылымның рөлін түбегейлі өзгертуді талап етеді.
AI қорытындысы: Басты тезистер
- AI-экономиканы дамыту телекоммуникациялық инфрақұрылымның рөлін түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Ұқсас материалдар
ENAnthropic’s cloud partnerships are getting messy
Anthropic is reportedly struggling to secure enough compute from cloud providers that increasingly view it as a competitor, even as its infrastructure spending balloons ahead of a planned November IPO.
ENSpaceX’s AI business is beating expectations
SpaceX hit profitably in the third-quarter, with net income of $4.4 billion. AI was the engine.
Google AI саласында Nvidia-мен бәсекелесу үшін TorchTPU ұсынды
Google AI саласында Nvidia-мен бәсекелесу үшін TorchTPU іске қосты.
NVIDIA Cosmos3-H-Dreams: генеративті модельдеу арқылы клиникалық хирургияны өмірге әкелу
NVIDIA-ның Құшақтап тұрған беттегі блог жазбасы

