🏗 Жасанды интеллект Қазақстандағы құрылыс нысандарын бақылайды Қазақстан нысандардың құрылысын бақылау үшін жасанды интеллектті қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігінде хабарланды. Олар құрылыс алаңдарында бейнебақылауды AI технологияларымен біріктіргісі келеді. Сондай-ақ нысандарға кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарлануда. 📍Құрылысы жүріп жатқан нысандар арнайы картада көрсетіледі. Олардың әрқайсысы үшін негізгі деректерді көруге болады: не салынып жатыр және қайда, құрылыс қандай кезеңде, тапсырыс беруші және мердігер кім, сонымен қатар жобаның мерзімі мен негізгі параметрлері. Сонымен қатар, жаңа Құрылыс кодексі құрылыстың барлық кезеңдерінде жоспарлы тексерулер жүргізуді және үстелдік бақылауды күшейтуді көздейді. Бұзушылықтар анықталса, құрылысты мемлекеттік бақылау органдары құрылысты және рұқсаттардың әрекетін тоқтата алады. 📷 Көк экран | Цифрлы Қазақстан