🌐 Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен қауіпсіз интеллект туралы халықаралық шарт құруды ұсынбақ Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектті қауіпсіз және жауапты дамыту үшін «Вашингтон үлгісін» БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарттың негізі ретінде пайдалануды ұсынды. Әңгіме АҚШ-та Дональд Трамптың бастамасымен ірі технологиялық компаниялардың басшыларымен жасалған ерікті келісім туралы болып отыр. Тоқаевтың айтуынша, AI тәуекелдері ұлттық шекарадан асып түседі, сондықтан мемлекеттер мен бизнестің бірлескен әрекетін талап етеді. Президент жасанды интеллектті дамыту кеңесіне Қазақстанның халықаралық бастамасы бойынша тез арада нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды. Қазақстан 2026 жылы желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитінде ортақ көзқарасты ұсынуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ел АИ-нің қауіпсіз және жауапты дамуы бойынша халықаралық диалог алаңы ретінде қызмет етуге дайын. 📷 Көк экран | Цифрлы Қазақстан