🚫 Қазақстандықтар дербес деректерді өңдеуге берген келісімінен 719 мың рет бас тартты 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында қазақстандықтар жеке деректерді өңдеуге бұрын берілген келісімді 719 мың рет қайтарып алу мүмкіндігін пайдаланды. Мұны жеке деректерге қол жеткізуді басқару қызметі арқылы жасауға болады. Қазір оған барлық мемлекеттік жүйелерді қосқанда 481 цифрлық жүйе қосылған. Тек сегіз айдың ішінде жеке деректерге қол жеткізуге қатысты 370 миллионнан астам сұрау eGov арқылы өңделген. Сіз деректеріңізді өңдеуге берген келісіміңізді қайтарып алдыңыз ба? 👍 - иә 📷 BlueScreen | Цифрлы Қазақстан