Қазақстанның ұлттық электр желісін басқаруға жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. KEGOC мәліметінше, бұл шешімдер электр энергиясының ағынын оңтайландырып, желідегі шығындарды азайту арқылы жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tech-news. Премьер-министр KEGOC нысандарына барып, ұлттық электр желісінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Сондай-ақ энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту мәселелері талқыланды. Компанияның мәліметінше, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолданудан түсетін жылдық қаржылық әсер EBITDA көрсеткішінің шамамен 3%-ына тең. Бұған қоса, электр стансаларын жиілік пен белсенді қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосу жыл сайын тағы 4 млрд теңгеге жуық қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұлттық диспетчерлік орталықта электр энергиясын өндіру мен тұтыну арасындағы теңгерім бақыланады. Сонымен қатар KEGOC-тың 83 қосалқы стансасындағы жабдықтардың жұмысы осы орталық арқылы басқарылады. Жүйе 50 мыңнан астам көрсеткішті үздіксіз жаңартып отырады. Бұл желідегі ауытқуларды дер кезінде анықтап, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге көмектеседі. Мысалы, жыл басынан бері «Солтүстік – Оңтүстік» транзиттік желісінде жүктеменің күрт өсуіне байланысты 70-тен астам жағдай тіркелген. Олардың 95%-ы тұтынушыларды электр энергиясынан ажыратпай реттелген. KEGOC әзірлеген AI-KEGOC интеллектуалды платформасы 21 энергия торабы мен жаңартылатын энергия көздерінің 169 нысаны бойынша электр энергиясын өндіру және тұтыну көлемін бір тәулік бұрын болжайды. Бұл жүйе энергетикалық жүктемені алдын ала есептеп, электр қуатын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Компания синхрофазорлық өлшеу технологияларын да енгізіп жатыр. Олар электр желісіндегі өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға көмектеседі. Осы технологиялардың арқасында «Солтүстік – Оңтүстік» негізгі энергия дәлізінің өткізу қабілеті 250 МВт-қа артқан. Бұл шамамен бір қаланың электр энергиясын тұтыну көлеміне тең. Маңыздысы, қосымша қуат жаңа электр желілерін салмай-ақ қамтамасыз етілген. Нәтижесінде инфрақұрылымға қосымша инвестиция салу қажеттілігі азайып, электр энергиясының шығындары төмендеген. Сообщение KEGOC жасанды интеллект арқылы жылына 5,5 млрд теңге үнемдемек появились сначала на Tech news.
KEGOC жасанды интеллект арқылы жылына 5,5 млрд теңге үнемдемек
Қазақстанның ұлттық электр желісін басқаруға жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. KEGOC мәліметінше, бұл шешімдер электр энергиясының ағынын оңтайландырып, желідегі шығындарды азайту арқылы жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп…
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Қазақстанның ұлттық электр желісін басқаруға жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр
- KEGOC мәліметінше, бұл шешімдер электр энергиясының ағынын оңтайландырып, желідегі шығындарды азайту арқылы жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп…

Ұқсас материалдар
Қазақстан мен Hyundai Motor Group ақылды қалалар мен жасанды интеллект саласында ынтымақтасуға келісті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Hyundai Motor Group атқарушы вице-президенті, Болашақ стратегиясы департаментінің басшысы бастаған делегациямен кездесу өткізді...
RUКазахстан и Израиль изменили налоговые правила для IT-инвесторов
Жаслан Мадиев встретился с Президентом Израиля и провел заседание межправкомиссии.
Қазақстан мен Израиль арасындағы бизнес форумда жеті технологиялық меморандумға қол қойылды
«Жаңа экономика. Жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан-Израиль бизнес форумы.
Қасым-Жомарт Тоқаев желілік мектептің негізін қалаушыны Қазақстанда интеллектіні дамытқаны үшін «Достық» орденімен марапаттады
Президент Network School негізін қалаушы Баладжи Сринивасанды қабылдады.


