🌟Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында Берлинде «Болашаққа бағдарланған жан-жақты әріптестік» тақырыбында Германия — Қазақстан бизнес-форумы өтіп жатыр. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев қатысуда. Өз сөзінде ол Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық дәстүрлі сауда шеңберінен шығып, толыққанды технологиялық және өнеркәсіптік әріптестікті дамытуға бағыт алып отырғанын атап өтті. Басым бағыттардың қатарында: ▪️ стратегиялық маңызы бар шикізатты терең өңдеу; ▪️ энергетика, энергетикалық машина жасау және инфрақұрылымды жаңғырту; ▪️ жасанды интеллект, цифрландыру және «ақылды» индустрияландыру; ▪️ логистика мен Орта дәлізді дамыту; ▪️ дуалды оқыту және инвесторлардың сұранысына сай кадр даярлау бар. Қанат Шарлапаев қазақстандық бизнес тек дайын жабдықты импорттауға ғана емес, бірлескен өндірістер құруға, технология трансферіне, құрамдас бөлшектер өндірісін жергіліктендіруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүдделі екенін атап өтті. «Атамекен» ҰКП неміс компанияларына Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және отандық бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл орнатуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. **** 🌟В рамках официального визита Главы государства Касыма-Жомарта Токаева в Федеративную Республику Германия в Берлине проходит Германско — Казахстанский бизнес-форум «Ориентированное на будущее всеобъемлющее партнерство». В мероприятии принимает участие Председатель Президиума НПП РК «Атамекен» Канат Шарлапаев. В своем выступлении он отметил, что казахстанско-германское сотрудничество выходит за рамки традиционной торговли и сегодня ориентировано на развитие полноценного технологического и промышленного партнерства. Среди ключевых направлений он выделил: ▪️ глубокую переработку критически важных сырьевых ресурсов; ▪️ энергетику, энергетическое машиностроение и модернизацию инфраструктуры; ▪️ искусственный интеллект, цифровизацию и «умную» индустриализацию; ▪️ развитие логистики и Среднего коридора; ▪️ дуальное образование и подготовку кадров под запросы инвесторов. Қанат Шарлапаев қазақстандық бизнес тек қана құрал-жабдықтарды импорттауға ғана емес, бірлескен өндіріске, технологиялар трансфертіне, құрамдас бөліктерді локализациялауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүдделі екенін баса айтты. «Атамекен» ҚР ҰКП неміс компанияларына Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда және мемлекеттік органдармен және жергілікті бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл жасауда көмек көрсетуге дайын. 💬@atamekennews