Мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың тиімділігін қалай арттыруға болады? 📈 «Атамекенде» Дүниежүзілік банктің өкілдерімен мемлекеттік компанияларды басқару және оларға иелік ету мәселелері талқыланды. 🏦 Кездесуде мемлекеттің меншік иесі ретіндегі рөлі, корпоративтік басқарудың сапасы, директорлар кеңестерінің жұмысы, директорлардың тәуелсіздігі және мемлекеттік компаниялардың бәсекелестік ортаға ықпалы басты назарда болды. 🤝 Сонымен қатар тараптар корпоративтік басқару саласындағы халықаралық тәжірибені және Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдірудің ықтимал бағыттарын талқылады. 💡 **** Как повысить эффективность компаний с государственным участием? 📈 В «Атамекене» обсудили вопросы управления и владения государственными компаниями с представителями Всемирного банка. 🏦 В центре внимания — роль государства как собственника, качество корпоративного управления, работа совета директоров, независимость директоров и влияние госкомпаний на конкурентную среду. 🤝 Отдельно стороны обсудили международный опыт и возможные направления дальнейшего совершенствования системы корпоративного управления в Казахстане. 💡 💬@atamekennews