Nvidia Nemotron 3.5 Transcribe атты жаңа AI моделін ұсынды. Ол аудиожазбаларды мәтінге айналдырып, сөйлеуді басқа тілге аударады, әңгімеге қатысушыларды ажыратады және кездесудің қысқаша мазмұнын дайындай алады, деп хабарлайды Tech-news. Модель 40 тілді қолдайды. Бір нұсқау арқылы бірнеше тапсырманы қатар орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, ол кездесудің толық стенограммасын жасап, әр адамның сөзін жеке белгілей алады, әңгімені ағылшын тіліне аударады немесе талқылау барысында қабылданған негізгі шешімдерді бөліп көрсетеді. Nemotron 3.5 Transcribe бір Nvidia видеокартасында жұмыс істейді. Ол ұзақтығы бір сағатқа дейінгі аудиожазбаларды өңдей алады. Сонымен қатар, бірнеше адам қатар сөйлеп, бір-бірінің сөзін бөліп жіберетін күрделі әңгімелерді де талдауға арналған. Компания Nemotron 3.5 Transcribe моделінен бөлек, Granary v2 атты ашық аудиодеректер жинағын да таныстырды. Онда 48 тілдегі аудиожазбалар бар. Әзірлеушілер бұл материалдарды өздерінің сөйлеуді тану модельдерін үйретуге және оларды нақты салаларға бейімдеуге пайдалана алады. Мысалы, медицина саласына арналған жүйелерді әзірлеуге мүмкіндік бар. Nemotron 3.5 Transcribe моделі мен Granary v2 деректер жинағы Hugging Face платформасында қолжетімді. Әзірге модель тек дайын аудиожазбаларды өңдейді, ал сөйлеуді нақты уақыт режимінде тану функциясы қарастырылмаған. Сообщение Nvidia аудиожазбаларды транскрипциялайтын ашық ЖИ моделін таныстырды появились сначала на Tech news.
Nvidia аудиожазбаларды транскрипциялайтын ашық ЖИ моделін таныстырды
Nvidia Nemotron 3.5 Transcribe атты жаңа AI моделін ұсынды. Ол аудиожазбаларды мәтінге айналдырып, сөйлеуді басқа тілге аударады, әңгімеге қатысушыларды ажыратады және кездесудің қысқаша мазмұнын дайындай алады, деп хабарлайды Tech-news. Модель 40 тілді қолдайды. Бір нұсқау…
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Nvidia Nemotron 3.5 Transcribe атты жаңа AI моделін ұсынды
- Ол аудиожазбаларды мәтінге айналдырып, сөйлеуді басқа тілге аударады, әңгімеге қатысушыларды ажыратады және кездесудің қысқаша мазмұнын дайындай алады, деп хабарлайды Tech-news
- Модель 40 тілді қолдайды

Оқиға хронологиясы
Ұқсас материалдар
AI бумы Samsung-тың кірісін шамамен тоғыз есе арттырды
Неліктен акциялар құлдырады? ➦ Соңғы жаңалықтарды Kapital.kz бизнес порталынан оқыңыз
AI Аризона суына келді
Шөлден үлкен сұр алып көтеріледі. Ішінде инженерлер телефондарымыз бен компьютерлеріміз бен құрылғыларымыздың, ағындық қызметтеріміздің, іздеу жүйелерінің, чат-боттардың, виб-кодталған қолданбалар мен веб-сайттардың артында күш жасайды. Кешен бір мезгілде массивті және скватталған, ергежейлі ...
Қазақстандық инвестор дүниежүзідегі ең тез дамып жатқан стартапқа, Higgsfield AI-ны жеңіп өткенге, қаражат салды
Eurasian Hub негізшісі Нұрдаулет Базылбеков microagi-ға ерте кезеңде қалай инвестиция жасағаны туралы айтты, ол қазір 1 миллиард доллардан астам бағаланады
ENNVIDIA CEO Jensen Huang: What Quality Will Help You Succeed in the Age of AI?
Fireside Chat with Jensen Huang, Founder and CEO of NVIDIA, a global leader in accelerated computing and artificial intelligence. On October 23, 2026, Jensen Huang joined Zhaslan Madiyev, Deputy Prime Minister and Minister of Artificial Intelligence and Digital Development of…


