Астанада өткен Digital Bridge 2026 форумында Қазақстанның AI-экономикасын дамытудың басты бағыттары таныстырылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ЖИ-инфрақұрылымының бес деңгейін жүйелі қалыптастыру туралы мәлімдесе, «Қазақтелеком» келесі жылдан бастап есептеу қуаттарын экспорттауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес-ақпарат орталығының тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгінде біз, түрлі бағалаулар бойынша, жалпы әлеуеті 50 трлн доллардан асатын толыққанды AI-экономиканың қалыптасу жолының басында ғана тұрмыз. Қазақстан үшін бұл — жаңа жаһандық экономикада өз орнын табудың әрі жасанды интеллектіні дамытудан барынша қайтарым алудың зор мүмкіндігі. Сойдықтан біз AI-экономиканың энергетикалық инфрақұрылымнан, чиптер мен бұлтты платформалардан бастап, меншікті тілдік модельдер мен қосымшаларға дейінгі барлық бес деңгейін жүйелі түрде дамытып жатырмыз. Арнайы технологиялар мен сараптама қажет бағыттарда жаһандық серіктестермен ынтымақтаса отырып, өз құзыретімізді де арттырудамыз. Қазақстан үшін ең үлкен әлеует қолданбалы AI бағытында жатыр. Ол — экономиканың, бизнестің тиімділігін және адамдардың күнделікті өмір сапасын арттыратын шешімдерді әзірлеу мен ауқымдандыру», — деді Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев AI & Digital Bridge 2026 аясындағы THE NEW ECONOMY: POWERED BY AI сессиясында. 01.AI негізін қалаушы әрі бас директоры, Sinovation Ventures төрағасы, ЖИ кеңесінің мүшесі Кай-Фу Ли ЖИ кеңінен тараған сайын бұл технологияны басқару және оны қолдану нәтижесі үшін жауапкершілік алу қабілетінің маңызы арта түсетінін атап өтті. «Негізгі басымдықтарға тоқталсақ, мен ең алдымен адамдардың ЖИ-ді пайдалану тәсілін өзгертуге серпін беруді ұсынар едім. Жасанды интеллектіні тек шығынды азайту құралы ретінде емес, жұмыс істеу мәдениетін түбегейлі өзгерту тәсілі ретінде қарастырған маңызды. Мысалы, кәсіпкерлер ЖИ-ді жай ғана құрал емес, қосымша кадрлық ресурстар ретінде пайдалана алады. Бұл ЖИ-агенттерге де қатысты. Көбісі ЖИ-агенттерді тек инженерлер жасайды деп ойлайды. Дегенмен, заңгерлердің де өз кәсіби тапсырмаларын шешуге арналған агенттерді әзірлеуге мүмкіндігі бар. Президент Тоқаев жекелеген салаларды цифрландырудан тұтас цифрлық экономикаға көшу қажеттілігін айтқан болатын. Осындай экономикада әрбір адам цифрлық құралдарды еркін қолдана алады: біреулер ЖИ-агенттерді құрса, енді біреулері шағын құраммен де үлкен нәтиже беретін компаниялар құрады. Меніңше, дәл осы тәсіл Қазақстанның әрі қарайғы цифрлық дамуының негізгі өзегіне айналуы тиіс», — деді Кай-Фу Ли. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин елдің тек өз есептеу қуаттарын пайдаланып қана қоймай, келешекте оларды экспорттай да алатынын атап өтті. Оның айтуынша, дата-орталықтарды дамыту және технологиялық компаниялармен серіктестік орнату AI-экономиканың жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Келесі жылдан бастап біз есептеу қуаттарын — бүгінде бүкіл әлемде сұранысқа ие болып отырған есептеу токендерін экспорттай бастаймыз деп үміттенемін. Егер ғарыш саласын Қазақстанда жасалып жатқан мүмкіндіктермен — дата-орталықтармен, деректерді өңдеу орталығымен, NVIDIA және басқа да технологиялық гиганттармен серіктестікпен байланыстырсақ, бойымызда тиісті құзырет қалыптасады. Соның нәтижесінде жердегі есептеу қуаттары мен ғарыш индустриясын қалай ықпалдастыру керектігін нақты түсінетін боламыз», — деді Бағдат Мусин. Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов компанияның Freedom суперқосымшасына жасанды интеллектіні енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын, нәтижесінде онда AI-ассистент пен жасанды интеллект негізіндегі түрлі қызметтер пайда болатынын айтты. «Біз компания ішінде ЖИ-ді белсенді қолданып жатырмыз. Мысалы, оның көмегімен бэк-офис жұмысының тиімділігін арттырамыз, есептілік пен процестерді басқаруды жақсартамыз. Деректер базамызға интеграцияланған жасанды интеллект процестердің тиімділігі мен басты көрсеткіштерге қатысты сұрақтарға бірден жауап бере алады. Сонымен бірге біздің басты міндетіміз — клиенттерге арналған қызметтерді ыңғайлы әрі қолжетімді ету. AI-ассистент арқылы инвестициялар мен сақтандырудан бастап, электрондық коммерцияға, қонақүйлер мен әуе билеттерін брондауға дейінгі қызметтердің кең спектрін ұсынғымыз келеді. ЖИ клиенттің сұранысын жіті түсініп, ең тиімді шешімдерді ұсынуы тиіс. Платформаны жасанды интеллект күнделікті тапсырмаларды шешетін жеке көмекшіге айналатын толыққанды экожүйеге айналдыруға ұмтыламыз. Бұл — күрделі міндет: кейбір ЖИ-агенттерді 1 күнде де әзірлеуге болады, бірақ біртұтас жүйе ретінде барлық тапсырманы орындауы үшін кемінде бір жыл уақыт керек. Осы жылы біз тағы бір өнімді іске қосамыз», — деді Тимур Турлов. AI & Digital Bridge 2026 Астанада 1–3 қазан аралығында өтіп жатыр. Бұдан бұрын VNET компаниясы Қазақстанда ДӨО кластерін және ЖИ үшін инфрақұрылым құру мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға жасанды интеллект саласында мамандарды бірлесіп даярлауды ұсынды. Қазақстан ШЫҰ-ның жасанды интеллект орталықтары желісін құруды қолдайды.
Материал бастапқы дереккөзден алынған:
Kapital.kz
Толық мәтінді Kapital.kz сайтында оқуМатериал ашық дереккөздерден жиналған. Оның орналастырылуы сіздің құқықтарыңызға тиіп жатса → Ақпаратты жою
Қазақстан 2027 жылы есептеу токендерін экспорттай бастайды
Digital Bridge форумында елдің AI-экономикасын дамыту жобалары таныстырылды
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Digital Bridge форумында елдің AI-экономикасын дамыту жобалары таныстырылды
Ұқсас материалдар
50-ден астам адам өлтірілуі мүмкін болса, модельді бұғаттауы мүмкін AI қауіпсіздігі туралы заң жобасы
Ұсынылып отырған саясат интеллекттің адасуынан қорғауды ұсынатын сияқты, бірақ іс жүзінде федералды агенттіктерге судьяның рұқсатынсыз модельді шығаруға тыйым салуға тыйым салады.
AI үшін төлеуді тоқтатыңыз, барлығын жергілікті түрде басқарыңыз (мұнда қалай)
Үлкен зертханалар бұл туралы сөйлеспейді, бірақ өзіңіздің жұмыс үрдістеріңіз үшін [музыка] жеке пайдалану жағдайларыңыздың үлгілерін жетілдіру идеясын үздіксіз үйренеді. Үлкен зертханалардың пайдаланушыларға бұл [музыканы] ұсынуға ынтасы жоқ, өйткені олар үлгілерін қалыпты жағдайға үйретеді…
ENAnthropic’s cloud partnerships are getting messy
Anthropic is reportedly struggling to secure enough compute from cloud providers that increasingly view it as a competitor, even as its infrastructure spending balloons ahead of a planned November IPO.
Парагон байланыста - күннің қорытындысын шығару!
Парагон байланыста - күннің қорытындысын шығару! Күннің ең бастысы🟠20.10 🟠Google Play - оның сипаттамасынан қосымшалары 🠠Claude Code - жарнамасыз теледидар 🟠Meta Muse - сатушының мекенжайындағы ақау 🟠Dream Labs - роботтарды сағатына 3 долларға басқару 🠠WhatsApp - жасырын тыйым салулар...


