Жоба аясында қуатты кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыру көзделген. Бірінші кезеңдегі 215 МВт қуат толықтай резервтелген. Келесі жылы қуатты 300 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жобаны дамытуға тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 10 млрд долларды құрайды деп күтілуде. Технологиялық серіктестер ретінде NVIDIA және Firebird AI компаниялары қатысады, деп хабарлайды Tech-news. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин Екібастұздағы құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Жоба Қазақстанда жасанды интеллект жүйелерін оқытуға, іске қосуға және ірі көлемдегі деректерді өңдеуге арналған инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді. Кластер халықаралық технологиялық компанияларға өздерінің есептеу жүйелерін Қазақстан аумағында орналастыруға мүмкіндік береді. Жобаны бірнеше кезеңмен дамыту жоспарланған. Оның алғашқы кезеңіндегі 215 МВт есептеу қуаты толық көлемде алдын ала бөлінген. Ал қуаты 50 МВт болатын алғашқы деректер орталығын 2027 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр. Құрылыс алаңындағы кездесуде энергиямен жабдықтау, инженерлік желілерді дамыту, нысанның технологиялық дайындығы және жұмыстардың бекітілген кестеге сай орындалуы талқыланды. Data Center Valley халықаралық технологиялық серіктестермен, соның ішінде NVIDIA және Firebird AI компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Жобада жасанды интеллект модельдерін оқытуға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған жоғары өнімді графикалық процессорлар қолданылады. Жобаның маңызды артықшылықтарының бірі — электр энергиясының қолжетімді құны. Мәліметке сәйкес, электр энергиясының тарифі 1 кВт·сағ үшін 2,5 АҚШ центінен басталады. Бұл энергияны көп қажет ететін есептеу инфрақұрылымы үшін маңызды фактор саналады. Сонымен қатар кластерде заманауи салқындату жүйелерін енгізу, энергия тиімділігін арттыру және экологиялық стандарттарды сақтау жоспарланған. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жасанды интеллект саласының дамуы үшін қуатты есептеу жүйелері, тұрақты энергия көзі және заманауи деректер орталықтары қажет. Оның пікірінше, Data Center Valley халықаралық технологиялық компаниялардың Қазақстанда жобаларын дамытуына, инвестиция салуына және жаңа мамандар даярлауына мүмкіндік береді. Бағдат Мусин де жобаның ел экономикасы үшін маңызын атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан қолжетімді энергия ресурстарын есептеу қуаттарын ұсынатын жаңа экспорттық бағытқа айналдыра алады. Бұл әлемдегі ірі жасанды интеллект жүйелеріне Қазақстан аумағынан қызмет көрсетуге жол ашады. Жоба толық іске қосылған жағдайда елде халықаралық AI-компаниялардың жұмысына қажетті инфрақұрылым қалыптасып, жаңа технологиялық бағыттар мен білікті мамандарға арналған жұмыс орындары пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстанның халықаралық цифрлық қызметтер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туады. Сообщение Қазақстанда $5 млрд-тық Data Center Valley салынып жатыр появились сначала на Tech news.
Материал бастапқы дереккөзден алынған:
Tech-news.kz
Толық мәтінді Tech-news.kz сайтында оқуМатериал ашық дереккөздерден жиналған. Оның орналастырылуы сіздің құқықтарыңызға тиіп жатса → Ақпаратты жою
Қазақстанда $5 млрд-тық Data Center Valley салынып жатыр
Жоба аясында қуатты кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыру көзделген. Бірінші кезеңдегі 215 МВт қуат толықтай резервтелген. Келесі жылы қуатты 300 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жобаны дамытуға тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 10 млрд долларды құрайды деп…
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Жоба аясында қуатты кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыру көзделген
- Бірінші кезеңдегі 215 МВт қуат толықтай резервтелген
- Келесі жылы қуатты 300 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр

Ұқсас материалдар
50-ден астам адам өлтірілуі мүмкін болса, модельді бұғаттауы мүмкін AI қауіпсіздігі туралы заң жобасы
Ұсынылып отырған саясат интеллекттің адасуынан қорғауды ұсынатын сияқты, бірақ іс жүзінде федералды агенттіктерге судьяның рұқсатынсыз модельді шығаруға тыйым салуға тыйым салады.
Hugging Face бас директоры Netflix-тің OpenAI хакерлік деректі фильмі дәл емес екенін ескертеді
«AI Gone Rogue» Netflix деректі фильмін бөліспес бұрын ескертіңіз. Фильмде бейнеленген Hugging Face-тің негізін қалаушы Клем Деланг оның «толық апат режимінде» өткенін және дәл емес екенін айтады.
ENAnthropic’s cloud partnerships are getting messy
Anthropic is reportedly struggling to secure enough compute from cloud providers that increasingly view it as a competitor, even as its infrastructure spending balloons ahead of a planned November IPO.
ENSpaceX’s AI business is beating expectations
SpaceX hit profitably in the third-quarter, with net income of $4.4 billion. AI was the engine.



