2028 жылғы шілдеге дейін Қазақстандағы 2,6 мыңға жуық шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылмақ. Қазір пилоттық бағдарлама Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектепте іске қосылып, 50-ден астам төртінші сынып оқушысы қатысып жатыр, деп хабарлайды Tech-news. Жоба биыл 1 қыркүйектен бастап басталды. Оқушылар математика, цифрлық сауаттылық, қазақ тілі және орыс тілі пәндерін гибридті форматта оқиды. Пилот 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі кешенді жоспардың бір бөлігі. Бағдарлама оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап AI технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоба қалай кеңейтіледі? AI оқыту жүйесін бірден барлық мектепке енгізу емес, бірнеше кезеңмен жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2027 жылғы қаңтарда — қатысушы мектептер санын кемінде 50-ге жеткізу; 2027 жылғы сәуірде — 440 мектепке дейін кеңейту; 2028 жылғы шілдеде — шамамен 2,6 мың шағын жинақты мектепті қамту. Жобаны кезең-кезеңімен кеңейту туралы келісім Үрімші қаласында қазақстандық Q.AI компаниясы мен 01.AI арасында жасалды. 01.AI компаниясын жасанды интеллект саласындағы сарапшы, Қазақстан Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фу құрған. Оқыту қашықтан білім беру технологиялары қолданылатын гибридті модельге негізделген. Пән мұғалімдері «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында арнайы жабдықталған студиядан сабақ өткізеді. Ал ауыл мектебіндегі мұғалім оқушыларға сабақ барысында көмектесіп, оқу материалын меңгеруіне қолдау көрсетеді. Балалардың белсенділігі мен сабаққа қатысуы интерактивті кликерлер және басқа да цифрлық құралдар арқылы бақыланады. Жоба аясында мұғалімдер, мектеп басшылары және аудандық білім бөлімдерінің мамандары да арнайы дайындықтан өтеді. Жобаның технологиялық негізі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ базасында орналастырылған. Платформа отандық суперкомпьютерлік кластердің есептеу ресурстарын пайдаланады. Шағын жинақты мектептердегі оқушыларға пәндерді қашықтан оқыту мүмкіндігі беріліп, ауылдық білім беру жүйесіне AI құралдарын кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр. Сообщение Қазақстандағы 2,6 мыңға жуық ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізіледі появились сначала на Tech news.
Қазақстандағы 2,6 мыңға жуық ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізіледі
2028 жылғы шілдеге дейін Қазақстандағы 2,6 мыңға жуық шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылмақ. Қазір пилоттық бағдарлама Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектепте іске қосылып, 50-ден астам төртінші сынып оқушысы қатысып жатыр, деп…
AI қорытындысы: Басты тезистер
- 2028 жылғы шілдеге дейін Қазақстандағы 2,6 мыңға жуық шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылмақ
- Қазір пилоттық бағдарлама Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектепте іске қосылып, 50-ден астам төртінші сынып оқушысы қатысып жатыр, деп…

Ұқсас материалдар
AI революциясы үшін антропикалық жоспарлар IPO
Anthropic AI-ға төңкеріс жасауды жоспарлап отырғандықтан, IPO-ға өтініш берді.
PyTorch AI экожүйесін үдеткіштердің жаңа класына ашады
IBM және PyTorch Foundation Spyre бағдарламасының PyTorch экожүйесіне біріктірілгенін жариялады.
RUДайджест ИИ-новостей за 26 октября 2026
Сегодня мир ИИ продолжает удивлять новыми достижениями и инновациями, расширяя границы привычных областей применения. Испаноязычный радиоведущий на основе ИИ стремится поддержать иммигрантов, а Meta и
Сэм Альтман жасанды интеллект технологиялық дамудың шексіз циклін қалай бастауға болатынын түсіндірді
🤖 Сэм Альтман жасанды интеллект технологиялық дамудың шексіз циклін қалай іске қоса алатынын түсіндірді. OpenAI басшысы AI болашағы тек жеке интеллектін дербес жетілдіретін модельдер жасау ғана емес деп санайды. Басқа механизм бар ...