🚀 RISE, Astana Hub және Sapa Group Kazakhstan Startup Landscape 2026 — Қазақстанның стартап-экожүйесіне арналған алғашқы ұлттық зерттеуді таныстырды. Зерттеу ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен әзірленіп, AI & Digital Bridge 2026 форумында ұсынылды. Зерттеу нәтижелері: • Қазақстанда 1 500-ден астам стартап бар. Оның 200-ден астамы венчурлық инвестиция тартса, Higgsfield AI еліміздің алғашқы «юникорны» атанды; • RISE болжамына сәйкес, 2026 жылы венчурлық инвестиция көлемі 460 млн доллардан асады (2020 жылы бұл көрсеткіш 20 млн доллар болған); • Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 82%-ы өз өнімдерінде жасанды интеллектіні (AI) қолданады; • Табысқа шыққан стартаптардың 76%-ы алғашқы кірісін бір жыл ішінде тапқан; • Масштабталу сатысындағы компаниялардың 40%-ының, ал бастапқы кезеңдегі жобалардың 16%-ының шетелде ақы төлейтін клиенттері бар. 👤 Фаундерлердің портреті: құрылтайшылардың 42%-ы 31–40 жас аралығында, 82%-ының жоғары білімі бар, 56%-ы бұған дейін бизнес ашқан. Әйелдер құрылтайшылардың 21%-ын құрайды — бұл әлемдік 15% көрсеткіштен жоғары. 🔎 Зерттеу 1 500-ден астам стартаптың дерекқорына, 2018 жылдан бергі венчурлік мәмілелерге, 602 компания арасында жүргізілген сауалнамаға және құрылтайшылармен өткізілген 30 тереңдетілген сұхбатқа негізделген. 🙏 Сауалнамаға қатысып, тәжірибесімен бөліскен барлық фаундерлерге алғыс айтамыз! Толық есеп — сілтеме бойынша: https://www.rise.com.kz/reports/kazakhstan-startup-landscape-2026 〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️ 🚀 RISE, Astana Hub и Sapa Group представили Kazakhstan Startup Landscape 2026 — первое национальное исследование стартап-экосистемы Казахстана. Исследование подготовлено при поддержке Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития РК и представлено на форуме AI & Digital Bridge 2026. Что показало исследование: •⁠ ⁠в Казахстане 1 500+ стартапов, 200+ из них привлекли венчурное финансирование, а Higgsfield AI стал первым единорогом; •⁠ ⁠по прогнозу RISE, объём венчурных инвестиций в 2026 году превысит $460 млн (в 2020 году — $20 млн); •⁠ ⁠82% опрошенных компаний используют AI в своём продукте; •⁠ ⁠76% стартапов с выручкой получили первые доходы в течение года; •⁠ ⁠платящие клиенты за рубежом есть у 40% масштабируемых компаний и у 16% компаний на ранних стадиях. 👤 Портрет фаундера: 42% основателей — в возрасте 31–40 лет, 82% имеют высшее образование, 56% уже запускали бизнес. Женщины составляют 21% основателей — выше мирового показателя в 15%. 🔎 В основе исследования — база 1 500+ стартапов, венчурные сделки с 2018 года, опрос 602 компаний и 30 глубинных интервью с основателями. 🙏 Спасибо всем фаундерам, которые прошли опрос и поделились своим опытом! Полный отчёт — по ссылке https://www.rise.com.kz/reports/kazakhstan-startup-landscape-2026