Қазақстан Ұлттық ұланында сарбаздардың тамақтануын бақылау үшін жасанды интеллект қолданыла бастады. Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатқан жүйе тағамның құрамын, калориясын және сапасын талдауға көмектеседі, деп хабарлайды Tech-news. Жүйе әскери бөлімдегі тамақтануды цифрландыруға арналған отандық «E-Qamqorlyq» бағдарламалық-аппараттық кешенінің құрамына кіреді. Оның бір бөлігі — FoodPos құрылғысы. Асханада орнатылған FoodPos сарбаздың табағындағы тағамдарды жергілікті AI көмегімен таниды. Құрылғы олардың мөлшерін анықтап, калориясын және құрамындағы ақуыз, май мен көмірсу көлемін көрсетеді. Осылайша әскери қызметшілер өз рационының тағамдық құндылығын көре алады. Жүйе тек тағам құрамын есептеумен шектелмейді. Тамақтанғаннан кейін сарбаздар ас сапасын бағалай алады. Егер белгілі бір тағам үнемі төмен баға алса немесе оның едәуір бөлігі желінбей қалса, бұл ақпарат кейінгі мәзірді жоспарлау кезінде ескерілуі мүмкін. Яғни әскери қызметшілердің пікірі ас мәзірін жетілдіру үшін қолданылатын деректердің біріне айналады. Ұлттық ұлан мәліметінше, пилоттық жобаның алғашқы айларында Q-Voice цифрлық кері байланыс панелі арқылы шамамен 1,5 мың баға жиналған. «E-Qamqorlyq» кешені тамақтануды ұйымдастырудың басқа кезеңдерін де цифрландыруға арналған: Q-Store — қоймадағы өнімдердің есебін жүргізеді және сақтау мерзімдерін бақылайды. Q-HACCP — температура, ылғалдылық және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Q-Staff — асхана қызметкерлерінің жұмыс уақытын және медициналық рұқсаттарын есепке алады. Жоба ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Ансаған Балтабековтің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қазір жүйе 5510 әскери бөлімінде апробациядан өтуде. Оның тиімділігі расталса, тәжірибені Ұлттық ұланның басқа да әскери бөлімдеріне енгізу жоспарланып отыр. Сообщение Сарбаздардың тамағын AI бақылайды: мәзір олардың бағасына қарай өзгеруі мүмкін появились сначала на Tech news.
Сарбаздардың тамағын AI бақылайды: мәзір олардың бағасына қарай өзгеруі мүмкін
Қазақстан Ұлттық ұланында сарбаздардың тамақтануын бақылау үшін жасанды интеллект қолданыла бастады. Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатқан жүйе тағамның құрамын, калориясын және сапасын талдауға көмектеседі, деп хабарлайды Tech-news. Жүйе әскери бөлімдегі…
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Қазақстан Ұлттық ұланында сарбаздардың тамақтануын бақылау үшін жасанды интеллект қолданыла бастады
- Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатқан жүйе тағамның құрамын, калориясын және сапасын талдауға көмектеседі, деп хабарлайды Tech-news
- Жүйе әскери бөлімдегі…

Ұқсас материалдар
Мен Клод Кодқа интерфейс мәселесін түсіндіруге тырыстым: қай түйменің қозғалғаны және қалай қозғалғаны туралы үш абзац жаздым...
Мен Клод Кодқа интерфейс мәселесін түсіндіруге тырыстым: қай түймені жылжытқаны және қалай басқаннан кейін қалқымалы терезе бір секундқа жыпылықтай бастағаны туралы үш абзац жаздым. Клод өзгерістер жасады, бірақ нәтиже әлі де ол қалағандай болмады. Scrawl ұсыныстары...
Microsoft 60 000 қызметкерге сатып алуды ұсынады
Microsoft корпорациясы АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Үндістандағы 60 000 қызметкерге ерікті түрде сатып алуды ұсынады. Майкрософттың бас қызметкері Эми Колеман қызметкерлерге жолдаған хабарламасында бұл қызметкерлерге «Microsoft корпорациясынан қаржылық қолдау және ...
Адамдардан ұялып, өзін шырақ етіп көрсететін робот
🍄 Адамдардан ұялшақ, өзін шам болып көрінетін робот АҚШ-та стресс пен жалғыздықпен күресу үшін ойлап табылған саңырауқұлақ тәрізді кішкентай робот Мори таныстырылды. Оның үлкен көздері, жылжымалы қалпақ және өте ерекше мінезі бар. Мори билей алады, көңіл көтереді...
Meta AI құруды қаржыландыру үшін акцияларды 95 миллиард долларға дейін сатуды жоспарлап отыр
Meta AI инфрақұрылымын құруға ақша жинау үшін жаңа акцияларды сатуды жоспарлап отыр. Meta өзінің AI құруын қаржыландыру үшін акцияларды 95 миллиард долларға дейін сатуды жоспарлайды деген мақала The Decoder сайтында бірінші рет пайда болды.
