ℹ️ Цифрлық теңге мемлекеттік сатып алулар мен корпоративтік төлемдерде қолданылады Премьер-Министр Олжас Бектенов нұсқады Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп цифрлық теңгені қолдануды кеңейту шараларын әзірлеуді тапсырды. Соның бірі – цифрлық келісімшарттарды енгізу. Олар мемлекеттік сатып алулар мен корпоративтік транзакциялардағы есептеулерді автоматтандыратын болады. Бектеновтың айтуынша, цифрлық теңге де мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, жаңа цифрлық қаржылық қызметтерді дамытудың негізіне айналуы тиіс. 📷 Көк экран | Цифрлы Қазақстан