🚕Қазақстан такси агрегаторларының жауапкершілігін күшейткісі келеді. Көлік министрлігі такси қызметтері көрсетілетін онлайн платформалардың жауапкершілігін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті. Осы шаралардың бірі қазірдің өзінде күшіне енді: Ішкі істер министрлігі және Яндекс және inDrive агрегаторларымен бірлесе отырып, 70 мыңға жуық оң рульді көлік тасымалдау қызметінен шеттетілді.