Көлік вице-министрі Абу-Даби денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International бас директорымен кездесті. Астанада ҚР Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов пен Абу-Даби денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 халықаралық ұйымының бас директоры Мансур Әл-Мансуридің кездесуі өтті. Тараптар көлікті цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын пайдалану және Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ұлттық бейнебақылау жүйесі трафик ағындарын бақылауға, көліктік бақылауды автоматтандыруға және көлік инфрақұрылымын тиімді басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформа болып табылады. Ағымдағы жылы Астанада жүйені пилоттық тестілеу аяқталып, оның негізгі функцияларының тиімділігін растады. Қазіргі уақытта Көлік министрлігі жүйені республикалық деңгейге дейін кеңейту және көлік инфрақұрылымын басқаруға жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік инфрақұрылымын цифрландыру саласындағы бұрын қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісім аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.