AI Qazaqstan
Казахстан

Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан форум өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» атты қандас жастар форумы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.k...

2026 ж. 7 қараша · Дереккөз: El Orda Info

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен «Жастар. Мүмкіндік. Болашақ» атты қандас жастар форумы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Іс-шараға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және басқа да елдерден Қазақстанға білім алуға келген 500-ден астам қандас студент қатысты. «Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ерлан Жетібаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде шетелдегі отандастармен байланысты нығайту, олардың тарихи Отанымен рухани және мәдени сабақтастығын сақтау Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Ырысқали Дәуренбек қатысушыларға құттықтау сөз арнап, қандас жастардың әлеуетін дамыту мен олардың бастамаларын қолдаудың маңыздылығына тоқталды», - делінген ақпаратта. Форумда кәсіпкер әрі меценат Сырымбет Тау, «Zerdeli» мектептері мен білім беру орталықтары желісінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Астана қалалық филиалының төрағасы Лариса Алдаберген, сондай-ақ «Salem Alem» және «Salem School» білім беру жобаларының негізін қалаушылар Салтанат Жұмагелдіұлы мен Бақбол Адуын спикер ретінде сөз сөйледі. Іс-шара барысында әр жылдары Қазақстанға қоныс аударған қандас спикерлер елге бейімделу және қазақстандық қоғамға кірігу жолындағы жеке тәжірибелерімен бөлісті. Олар кәсіби қалыптасу кезеңдері, кәсіпкерлік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосуға бағытталған жобалары туралы әңгімеледі. «Спикерлер қандас студенттерге тәжірибелік кеңестер беріп, қоғамдық өмірге белсенді араласудың, ұлттық құндылықтарды сақтаудың және Қазақстанда жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Студенттердің сұрақтарына берілген жауаптар мен еркін пікір алмасу жастардың ерекше қызығушылығын тудырып, ашық диалог орнатуға ықпал етті әрі форумның мазмұнын байытып, тәжірибелік маңызын арттырды», - деп хабарлады СІМ. Іс-шара соңында қандас студенттердің инновациялық, әлеуметтік және шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған «OQ-startup» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Еске салсақ, Астанада ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Бірге оқиық» атты ауқымды әдеби іс-шарасы өтті.

Дереккөзде оқу →

Осы тақырыптан тағы

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz