AI Qazaqstan
Казахстан

Астанада кураштан XV әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кураш күресінен XV әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің...

2026 ж. 7 қараша · Дереккөз: El Orda Info

Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кураш күресінен XV әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Халықаралық кураш қауымдастығының вице-президенті Зиёвиддин Ходжиниязов және Қазақстандық кураш қауымдастығының президенті Андрей Боргенс қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Бүгінгі чемпионат кураш күресінің халықаралық деңгейде дамуына, әлемге кеңінен танылуына және елдер арасындағы спорттық ынтымақтастықтың нығаюына зор үлес қосады. Әлемнің 70-тен астам елінен үздік балуандардың қатысуы чемпионаттың жоғары халықаралық мәртебесін айқындайды. Баршаңызға әділ бәсеке, жоғары спорттық шеберлік пен жарқын жеңістер тілеймін!» – деді Руслан Бақыттыұлы. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге әлемнің 70-тен астам елінен 500-ге жуық спортшы жиналды. Қатысушы елдер саны бойынша бұл – кураш тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Жарыстар 16 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Бозкілемде бақ сынап жатқан спортшылар арасында әлем және Азия чемпиондары, Азия ойындарының жеңімпаздары бар. Кураш күресінен әлем чемпионатының бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы. Сондай-ақ дүбірлі дода ҚР Туризм және спорт министрлігінің, «Sport Qory» спортты қолдау қорының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

Дереккөзде оқу →

Осы тақырыптан тағы

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz