AI Qazaqstan
Казахстан

OpenAI сурет генерациялау моделін жаңартты: ChatGPT GIF жасай алады

OpenAI ChatGPT Images 2.6 атты сурет генерациялау және өңдеу моделінің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Енді пайдаланушылар мәтіндік сұрау арқылы GIF-анимациялар жасап, дайын суреттерді жандандыра алады. Сонымен қатар модельдің жылдамдығы артып, суреттерді бірнеше кезеңмен өңдеу мүмкіндігі жетілдірілген, деп хабарлайды Tech-news. Жаңартудың басты ерекшелігі – GIF жасау функциясы. Пайдаланушы суретті жүктеп немесе мәтінмен қажетті көріністі сипаттап, оған қозғалыс қоса алады. Мысалы, иллюстрацияд

2026 ж. 5 қараша · Дереккөз: Tech-news.kz

OpenAI ChatGPT Images 2.6 атты сурет генерациялау және өңдеу моделінің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Енді пайдаланушылар мәтіндік сұрау арқылы GIF-анимациялар жасап, дайын суреттерді жандандыра алады. Сонымен қатар модельдің жылдамдығы артып, суреттерді бірнеше кезеңмен өңдеу мүмкіндігі жетілдірілген, деп хабарлайды Tech-news. Жаңартудың басты ерекшелігі – GIF жасау функциясы. Пайдаланушы суретті жүктеп немесе мәтінмен қажетті көріністі сипаттап, оған қозғалыс қоса алады. Мысалы, иллюстрациядағы кейіпкерге қол бұлғатуға немесе иттің құйрығын бұлғауына болады. Дайын анимацияларды басқа пайдаланушылармен бөлісуге де мүмкіндік бар. OpenAI мәліметінше, сурет генерациялау жылдамдығы 50%-ға артқан. Жаңартылған жүйеде екі модель қолданылады: Flare қарапайым тапсырмаларды жылдам орындауға арналған, ал Sunburst күрделі сұраулармен жұмыс істейді. Сондай-ақ суреттерді бірнеше рет өңдеу кезінде бастапқы бейненің маңызды бөлшектерін сақтау мүмкіндігі жақсарған. Мәселен, кейіпкердің сыртқы келбетін, киімін немесе басқа ерекшеліктерін өзгертпей, тек артқы фонды ауыстыруға болады. Әзірлеушілер үшін суреттерді SVG форматында экспорттау мүмкіндігі де қосылды. Тағы бір жаңалық – суреттерді тұрақты референс ретінде сақтау функциясы. Пайдаланушы адам, жануар немесе заттың фотосын жүктеп, оған арнайы атау бере алады. Мысалы, мысықтың суретін @cat деп сақтаса, кейін «@cat-қа қалпақ кигіз» деген сұрау арқылы сол бейнені жаңа суреттерде пайдалануға болады. ChatGPT Images 2.6 жаңартуы ChatGPT-тің барлық тарифтік жоспарындағы пайдаланушыларға қолжетімді. Ал GIF жасау мүмкіндігі кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

Дереккөзде оқу →

Осы тақырыптан тағы

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz