AI Qazaqstan
Казахстан

Қазақстан мен Тәжікстан арасында 14 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 1. Қ...

2026 ж. 7 қараша · Дереккөз: El Orda Info

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлері үшін кадр даярлау саласындағы келісім; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы салаларындағы жобаларды дамыту мақсатында ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы келісім; 4. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын 2030 жылға дейін ұлғайту жөніндегі жол картасы; 5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Тәжікстан Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық ынтымақтастық туралы келісім; 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім; 9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2027-2028 жылдарға арналған жол картасы; 10. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2027 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспары; 11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 12. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандум; 13. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасында электрондық коммерция жүйесін дамыту саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 14. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум. Еске салсақ, Тоқаев пен Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығы туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Дереккөзде оқу →

Осы тақырыптан тағы

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz