ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдері арасында сауалнама...
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізеді. Мақсат – банктерден несие алу процесін цифрландыруға деген кәсіпкерлердің сұранысын анықтау. Ұсынылып отырған цифрлық сервис бизнес туралы ақпаратты
2026 ж. 5 қараша · Дереккөз: Telegram — НПП «Атамекен»
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізеді.
Мақсат – банктерден несие алу процесін цифрландыруға деген кәсіпкерлердің сұранысын анықтау.
Ұсынылып отырған цифрлық сервис бизнес туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, несие алуға қажетті құжаттардың бірыңғай пакетін қалыптастыруға және оны бірден бірнеше банкке жіберуге мүмкіндік береді.
Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі. Кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз!
Сауалнамаға қатысу: https://forms.gle/CUCTzZQSfhg3tH5S6