Саясат және реттеу🇰🇿 Казахстан2026 ж. 11 қыркүйек

Антифрод, валюталық реттеу: Ұлттық банк жасанды интеллектіні қалай қолданады

Тимур Сүлейменов ЖИ-аналитиканың жұмысы туралы айтып берді

Редакция Kapital.kz·Kapital.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Тимур Сүлейменов ЖИ-аналитиканың жұмысы туралы айтып берді
Антифрод, валюталық реттеу: Ұлттық банк жасанды интеллектіні қалай қолданады

Антифрод, валюталық реттеу: Ұлттық банк жасанды интеллектіні қалай қолданады

Тимур Сүлейменов ЖИ-аналитиканың жұмысы туралы айтып берді

Ұлттық банк жасанды интеллектіні Антифрод-орталықтың жұмысында, валюталық реттеуде және ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдауда қолданады. Бұл туралы монетарлық реттеушінің басшысы Тимур Сүлейменов Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес-ақпарат орталығы.

«Біз үшін Антифрод-орталыққа ЖИ-аналитиканы енгізу өте маңызды. Өйткені құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олармен бірге жұмыс істейтін біздің (Антифрод-орталықтың – Ред.) мамандарымызға өте үлкен салмақ түсіп отыр. Алаяқтық операциялар бойынша күніне 100-200 шамасында арыз-шағым түседі, мұндай үлкен ағынды бір адамның жалғыз еңсеруі мүмкін емес. Ал біз енгізген ЖИ-аналитика бұл жүктемені 80 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Қысқаша айтқанда, бұл – ІІМ мен басқа да органдарға (кибершабуылдар бойынша – Ред.) жедел, тиімді әрі нақты шешім қабылдауға көмектесетін толыққанды механизм», – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк валюталық реттеу мен қаржылық мониторингте де жасанды интеллектіні дамытып жатыр. «Ол жақта да жұмыс ауқымы өте үлкен, күдікті операциялар да аз емес. Бұның бәрін қолдан сұрыптап шығу тым күрделі», – деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдауына көмектесетін AI-ассистент іске қосылды.

«Біздің жүйеде (жағдайды бағалауға арналған – Ред.) «көгершін» де, «қаршыға» да бар. Ашығын айтсақ, оған берілген ақпараттың тым көптігінен көгершіндеріміздің өзі қаршығаға айналып кеткен сияқты... Мысалы, базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру немесе көтеру мәселесінде. Сол себепті ең дана шешім қабылдайтын үшінші кейіпкерді – «үкіні» енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

2025 жылдың қарашасында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жасанды интеллектіні енгізу идеялары жайлы ба

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Финтех1 мин

Өткен аптаның нәтижелері маңызды

Өткен аптаның нәтижелері маңызды AI компанияларының бизнесі Trend 2027. Агенттік коммерцияның болашағы. AI агенттері үшін төлемдер: қазір қандай күрес? Мұнда талдау. AI агенттері үшін жаңа қаржылық инфрақұрылым. AI агенттеріне жасырын салық - бұдан кім ақша табады? Мұнда талдау ...

Telegram — blockchainRF (блокчейн / мозг / space / WEB 3.0)
Саясат және реттеу1 мин

Республика күніне орай Ақордада Мемлекеттік ту көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай туды көтеру рәсіміне қатысты. Ол Астанадағы Ақорда алдындағы алаңда өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Алдымен Құрмет қарауыл ротасының басшысы Тоқаевқа есеп берді. Содан кейін олар мемлекеттік туды көтеріп,...

Kursiv Media Tech