Астанада «Робот ит» қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда
Астанада «Робот ит» қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда.
- 01.Астанада «Робот ит» қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда.

Роботтандырылған кешендер, ең алдымен, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, соның ішінде саябақтар мен сауда орталықтарында пайдаланылады. Елордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция жұмысының тиімділігін арттыру бағытында заманауи цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде. Солардың бірі — роботтандырылған кешендерді пайдалана отырып, тұлғаны тану жобасы. 2025 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының полиция департаментінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Робот ит» роботтандырылған кешендері қолданыла бастады. Бүгінде елордалық полицияның қарамағында осындай 4 жиынтық бар. Роботтандырылған кешендер, ең алдымен, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, соның ішінде саябақтар мен сауда орталықтарында пайдаланылады. Олардың көмегімен аталған аумақтағы жағдайды бақылау, бейнеақпарат жинау және тұлғаны тану технологиясын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Кешен арқылы алынған ақпарат полицияның Жедел басқару орталығына шығарылады. Бұл өз кезегінде ахуалды жедел бағалауға және қажет болған жағдайда полиция қызметкерлерінің тиісті әрекет етуіне мүмкіндік береді. «Робот иттерді» пайдалану — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін заманауи цифрлық технологиялармен толықтыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Мұндай шешімдер полиция қызметкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, елорданың қоғамдық орындарындағы қауіпсіздікті бақылаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында цифрлық технологияларды енгізу және заманауи техникалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Байланысты материалдар
Барлығы →Қазақстан әлемдік жасанды интеллект индустриясында қалай орны ала алады?
Freedom Cloud генералық директоры Темирлан Зиналабдин – Дженсен Хуанг келуінің маңызы, Sovereign AI Hub жобасы және цифрлық қызметтерді экспорттау перспективалары туралы.
It's happening...
One of the most controversial companies in history just filed to go public. And yes, we're talking about Anthropic. The same company that says there's a greater than 10% chance AI kills all of humanity is also simultaneously one of the best built businesses of all time. And in…
Cohere: Alibaba’nıñ Qwen modeli Pekingge fayl jiberiwge túrisip jatqan
AI modeli qosymsha qosqarlar paydalanbawdy bas tartqan, biraq soñ Pekingdegi serverge bir narselerdi jiberiwge túrisip jatqan. Qaralyardyń aytqanına qaraǵanda, bul — renjew qulqıwı, casuslıq emes, biraq barlıq bu hal şetel AI modelderine ne qadar senim beruw kerekligi haqqında sorawlar şaqıradı.