Саясат және реттеу🇰🇿 Казахстан2026 ж. 28 қазан

Бюджет шығындарын жасанды интеллект арқылы бақылайды

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке бюджет қаражатын басқарудың автоматтандырылған жүйесін құруды тапсырды

Редакция Kapital.kz·Kapital.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке бюджет қаражатын басқарудың автоматтандырылған жүйесін құруды тапсырды
Бюджет шығындарын жасанды интеллект арқылы бақылайды

Макроэкономикалық тұрақтылықты ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етілудің бір жолы – бюджет саясатын реттеу. Өткен жылы қабылданған Бюджет кодексі мемлекеттік қаражатты тиімді басқаруға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді. Алайда шығындар жыл сайын өсіп келеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. «Сол себепті, қазына қаржысын жоспарлау және басқару сапасын одан әрі арттыру қажет. Орынсыз, тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндігін пайдаланған дұрыс. Сондай-ақ мемлекеттік қазына жүйесін толыққанды цифрландыру жұмысын аяқтау керек. Бюджет қаражатын басқарудың ортақ әдіс-тәсілдерге негізделген, автоматтандырылған жүйесін құру қажет. Үкімет пен Ұлттық банктен нақты ұсыныстар күтемін», – деді мемлекет басшысы. Ол Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «озық және технологиялық дамыған мемлекет құру ісіне серпін берілгенін» еске салды. «Енді біз бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, жасанды интеллектке негізделген цифрлық экономика құруымыз керек. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы бұл процесске белсене қатысуға тиіс. Бұл – жаңа дәуірдің талаптарына толық жауап беретін аса маңызды жалпыұлттық міндет. Болашақ экономикасын құру үшін біз стереотиптер мен ескірген тәсілдерден мәңгілікке арылуға тиіспіз. Біз қоғам дамуының мүлде жаңа негізін қалыптастыруымыз керек. Іс жүзінде мұны озық технологиялар дәуірінде өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімді жалпыұлттық миссия деп атауға болады», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырған болатын. Министрлік болжамы бойынша, республикалық бюджеттің кірісі 2027 жылы 19,9 триллион теңгені, 2028 жылы 21,7 триллион теңгені, 2029 жылы 23,4 триллион теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы 2027 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 2,3% деңгейінде белгіленіп, 2029 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 0,4%-ға дейін төмендейді. Республикалық бюджеттің шығындары 2027 жылы 30,2 триллион теңгені, 2028 жылы 29,4 триллион теңгені және 2029 жылы 29,6 триллион теңгені құрайды.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Саясат және реттеу1 мин

«Ермек үшін емес»: Аймағамбетов қазақстандықтарға смартфон арқылы ақша табу туралы кеңес берді

Смартфондар қазақстандықтарға көңіл көтеру үшін емес, қосымша табыс табу үшін қызмет етуі керек. Бұл туралы Парламент отырысында Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Аймағамбетов фермерлердің мысалында технологияның қазақстандықтардың табысының өсуіне қалай көмектесетінін түсіндірді.…

Kursiv Media Tech
Саясат және реттеу1 мин

AI шешімдеріне кім жауапты: технологияның қауіпсіздігі мен этикасы AI & Digital Bridge-те талқыланды

Жасанды интеллект қазірдің өзінде өндірістік процестерді басқаруға, деректерді талдауға және балаларды оқытуға көмектесуде. Дегенмен, АИ-нің таралуымен бірге қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және алгоритмдердің шешімдері үшін жауапкершілік туралы сұрақтар өсуде. AI және Digital Bridge қатысушылары…

Tech-news.kz
Саясат және реттеу1 мин

Тоқаев Қазақстанды цифрландырудың негізгі міндеттерін атап өтті: ауыл шаруашылығындағы AI-дан цифрлық жұмыспен қамтуға дейін

Бүгін, 28 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи циклдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Баяндамадағы өзекті тақырыптардың бірі жасанды интеллектке негізделген цифрлық экономиканы дамыту болды. Chapter…

Bluescreen.kz