Зерттеулер🇰🇿 Казахстан2026 ж. 19 қазан

Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге салық төледі

Камералдық бақылау нәтижесінде Farfetch интернет ресурсы бұғатталды

Редакция Kapital.kz·Kapital.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Камералдық бақылау нәтижесінде Farfetch интернет ресурсы бұғатталды
Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге салық төледі

Қазақстанның салық заңнамасына бағынған шетелдік интернет-гиганттар ел бюджетін миллиардтаған қаржымен толықтырды. Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген камералдық бақылау нәтижесінде Pinduoduo мен Claude AI әзірлеушісі 8 миллиард теңгеге жуық салық төледі, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік интернет-платформалардың салық төлеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Атап айтқанда салықтық әкімшілендіру нәтижелері бойынша Pinduoduo бюджетке 6,8 млрд. теңге (15,1 млн АҚШ доллары) аударды. Сонымен қатар, Claude жасанды интеллект көмекшісін әзірлеуші Anthropic, PBC компаниясы өткен салықтық кезеңдер үшін 1,2 млрд. теңге (шамамен 2,6 млн АҚШ доллары) төледі. Компания камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындады. Айта кетейік, заңнамада шетелдік интернет-платформалар салық заңнамасының талаптарын орындамаған жағдайда олардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті шектеу мүмкіндігі көзделген. «Осыған байланысты Комитет Ұлыбританияда тіркелген Farfetch платформасының операторына камералдық бақылау хабарламасын жолдады. Хабарлама орындалмағандықтан, Қазақстан аумағында Farfetch интернет-ресурсына қолжетімділік шектелді», деп хабарлады комитет. Farfetch — киім, аяқкиім және аксессуарлар, оның ішінде танымал брендтердің тауарлары сатылатын халықаралық онлайн-платформа. Комитет мұндай шаралар тиісті талаптар қолданылатын және Қазақстан бюджеті алдындағы салықтық міндеттемелерін орындамайтын барлық шетелдік интернет-платформаларға заңнамада белгіленген тәртіппен қолданылатынын еске салды.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Зерттеулер1 мин

GPT-6.1 Terra: OpenAI орта диапазондағы агент үлгісінің бағасын екі есе төмендетті

🖥️ GPT-6.1 Terra: OpenAI орта диапазондағы агент үлгісінің бағасын екі есе төмендетті OpenAI агент негізіндегі сценарийлер, компьютерлік жұмыс және күнделікті кодтау үшін GPT-6.1 Terra шығарды. API бағасы GPT-5.6 Terra бағасының жартысы: $2 және $6 орнына миллион енгізу токендері үшін $1.

Telegram — AI Machine Learning Big Data