Қасым-Жомарт Тоқаев General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады
Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ елімізде технология секторы мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
- 01.Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ елімізде технология секторы мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ елімізде технология секторы мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық трансформация ел дамуындағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осыған орай жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдің жетекші инвесторлары мен технологиялық компанияларын тарту маңызды. Президент Қазақстанда жаңа технологиялық экожүйе қалыптасып жатқанын айтты. Оның құрамына Astana Hub, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы, Qazaq AI Research University кіреді. Мемлекет басшысының айтуынша, аталған экожүйені дамыту Higgsfield AI секілді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізеді. Өз кезегінде Уильям Форд Қасым-Жомарт Тоқаевқа General Atlantic компаниясының қаржы технологиясы, электрондық коммерция, бағдарламалық жасақтама және жасанды интеллект салаларындағы жедел дамып келе жатқан компанияларға, сондай-ақ энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымға инвестиция құю мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен General Atlantic төрағасы Екібастұзда жүзеге асырылатын «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасына назар аударды. Осы орталық аясында жасанды интеллектіге, «бұлттық» есептеулерге және цифрлық сервистерге арналған ірі инфрақұрылым алаңы жасалады. Қазіргі таңда General Atlantic компаниясы аталған жобаға қатысуға қызығушылық танытып отыр.
Байланысты материалдар
Барлығы →Stack Overflow for Agents triples signups with ChatGPT plugin
If you could hand over one thing to your dot and never have to deal with it again, what would it be? >> Oh, wow. My name is Alex Lad. I'm a VP of product at Stack Overflow. We are building a knowledge intelligence layer that essentially takes your scattered raw context that…
Нидерландыда 25 мың мемлекеттік қызметкер қысқартылып, орнына АИ-мен ауыстырылады
2027 жылдан бастап бұл мемлекетке жыл сайын 900 миллион еуроға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді
SpaceX 40 миллиард долларлық AI аппараттық келісімін жасайды
SpaceX AI жабдықтарын қаржыландыру үшін 40 миллиард долларлық келісімге қол жеткізді.