Саясат және реттеу🇰🇿 Казахстан2026 ж. 2 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті

Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.

PROFIT·Profit.kz — ИТ в Казахстане
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті

Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы мен NVIDIA компаниясының вице-президенті өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасқанына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды. Кездесуде Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Жоба қуаттылығы шамамен 30 МВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның көлемін 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған. Президент осы бастаманы табысты жүзеге асыру үшін NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған келісімдердің маңызына тоқталды. Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалап, NVIDIA компаниясының «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының келесі кезеңіне қатысуға ниетті екенін жеткізді. Бұдан бөлек, Қазақстанның кадрлық әлеуетін және технологиялық экожүйесін дамыту мәселелері қарастырылды.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Инфрақұрылым1 мин

SpaceX locks in $40B GPU financing deal with Apollo

SpaceX has locked in a binding commitment for roughly $40 billion in financing to pay for AI chips and related data center equipment, the company disclosed in a regulatory filing Monday. In a statement, SpaceX called it the “largest committed GPU financing” ever.

TechCrunch — AI