Қазақстан мен Германия ЖИ саласындағы жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізді
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясы неміс компаниялары мен ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
- 01.Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясы неміс компаниялары мен ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясы неміс компаниялары мен ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулер қорытындысы бойынша ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрландыру, жасанды интеллект, телекоммуникациялар, ғылыми зерттеулер және стартаптарды дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойды. Меморандумдардың бірі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Siemens AG арасында жасалды. Тараптар цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде Siemens Xcelerator платформасының өнімдері мен өнеркәсіптік жасанды интеллект саласындағы шешімдерді пайдалана отырып дамытуға уағдаласты. Министрлік Nextcloud GmbH компаниясымен цифрлық егемендік және ашық бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. Nextcloud шешімдері Германияның мемлекеттік басқару жүйесінде қолданылады. Министрлік бұл тәжірибені мемлекеттік органдарды ашық бағдарламалық қамтамасыз етуге көшіру мәселесін пысықтау барысында зерделеуді жоспарлап отыр. Стартаптарды дамыту саласындағы ынтымақтастықты Astana Hub және Constructor Start дамытатын болады. Тараптар акселерациялық тәжірибелермен алмасуға және қазақстандық стартаптарға, оның ішінде Еуропа нарығына шығуға бағытталған бірлескен бағдарламаларды пысықтауға уағдаласты. Қазақстанда халықаралық көрме және іскерлік қызметті дамыту, ірі іс-шараларды тарту, іскерлік туризмді дамыту және технологиялар трансферін ілгерілету мақсатында Министрлік Messe Frankfurt GmbH компаниясымен меморандумға қол қойды. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Fraunhofer IPK арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар өнеркәсіптік ЖИ, қолданбалы зерттеулер және технологиялар трансфері салаларында ынтымақтасатын болады. Негізгі бағыттардың қатарында цифрлық өндіріс, автоматтандыру, Industry 4.0 және Alem.AI базасында бірлескен R& D жобаларын іске асыру бар. «Германия — Қазақстанның негізгі технологиялық серіктестерінің бірі. Бүгінде біз ЖИ, өнеркәсіпті цифрландыру, ғылыми зерттеулер және стартаптарды дамыту салаларында бірлескен жұмыстың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Қол қойылған келісімдер нақты бірлескен жобаларға көшуге, тәжірибе және технологиялармен алмасуға, сондай-ақ Қазақстан мен Германияның технологиялық компаниялары үшін жаңа өсу мүмкіндіктерін қалыптастыруға жол ашады», — деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин. Мемлекет басшысы Қазақстан-Германия бизнес-форумында атап өткендей, Қазақстан жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны ұлттық басымдықтар ретінде айқындады. Германия, өз кезегінде, өнеркәсіптік бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру, киберқауіпсіздік, инженерия және қолданбалы зерттеулер салаларында жоғары құзыреттерге ие. Қол қойылған құжаттар екі ел арасындағы технологиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қамтиды және бірлескен жобаларды іске асыруға негіз қалайды.
Байланысты материалдар
Барлығы →Bedrock Robotics жалпы қаржыландыру көлемі 1 миллиард долларға жуықтады, өйткені автономды ауыр техникаға сұраныс артады
Bedrock Robotics құрылыс алаңының экономикасын жақсарту үшін үлкен экскаваторларды автоматтандырады. | Несие: Bedrock Robotics Сан-Францискода орналасқан Bedrock Robotics компаниясы CapitalG және Emergence Capital бірлесіп басқаратын C сериясын қаржыландыруға 4,1 миллиард долларға 600 миллион доллар жинады. Айналым…
GPT-6.1 Terra OpenAI-дің API бағасын екі есе төмендетеді және әлі де оның үлкен үлгілеріне ие болады
OpenAI GPT-6.1 Terra-ны шығарды, ол алдыңғы нұсқамен салыстырғанда API бағасын екі есе төмендетеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл долларға шаққандағы интеллекттің жаңа стандартын белгілейді, әсіресе күнделікті есептеу тапсырмалары мен AI басқаратын компьютерді басқару үшін. GPT-6.1 Terra мақаласы…
Салливан мен Кромвелл Codex | көмегімен заң құралдарын қалай құрастырады OpenAI
«Sullivan & Cromwell» ЖШС-де Джон Савва Codex-ті фирманың құқықтық сараптамасы бойынша құралдарды құру үшін пайдаланады. Келісімді талдаушы келісім жобасын, таңдалған прецеденттерді және фирма мен клиенттің ұстанымдарын көрсететін ойын кітаптарын біріктіреді. Ол ықтимал мәселелерді анықтайды және қайтарады…