Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады
Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады. Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен…
- 01.Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр
- 02.Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады
- 03.Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен…

Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады. Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық жолдарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Tech-news. Жобаның іске асырылу барысы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға «Транстелеком» АҚ мен мобильді байланыс операторларының өкілдері қатысты. Тараптар жобаның қазіргі жай-күйін, сондай-ақ салынып жатқан телекоммуникациялық инфрақұрылымды инвестор мен байланыс операторларының бірлесіп пайдалану мәселелерін қарастырды. Негізгі міндеттердің бірі – автожолдар бойында мобильді байланыстың тұрақты қамту аймағын қалыптастыру. Осы мақсатта жобаға қатысушылардың жұмысын өзара үйлестіруге де назар аударылды. Жалпы 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салу көзделген. Жаңа инфрақұрылым арқылы елдегі 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Жобаны «Транстелеком» АҚ қаржыландырады. Бұл мақсатқа бюджет қаражаты тартылмайды. Кеңес қорытындысында инвестор мен ұялы байланыс операторлары жобаны әрі қарай іске асыру және өзара жұмыс істеу тәртібін белгіледі. Сообщение Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады появились сначала на Tech news.
Байланысты материалдар
Барлығы →Anthropic AI өсуін қамтамасыз ету үшін газды пайдаланады
Орталықтардың табиғи газға тәуелділігі және соған байланысты тәуекелдер туралы антропикалық есептер.
Anthropic AI бумын тамақтандыру үшін газды жағады
Ол көпшілікке шығуға дайындалып жатқанда, Anthropic компаниясының S-1 файлы генеративті AI-ның метанға тәуелділігін айқын көрсетеді. «Электрмен жабдықтауға және қуат көзі бар деректер орталығының орындарына қол жеткізу үшін бәсеке өте күшті». АҚШ бағалы қағаздарына берілген құжаттарда және…
Bedrock Robotics жалпы қаржыландыру көлемі 1 миллиард долларға жуықтады, өйткені автономды ауыр техникаға сұраныс артады
Bedrock Robotics құрылыс алаңының экономикасын жақсарту үшін үлкен экскаваторларды автоматтандырады. | Несие: Bedrock Robotics Сан-Францискода орналасқан Bedrock Robotics компаниясы CapitalG және Emergence Capital бірлесіп басқаратын C сериясын қаржыландыруға 4,1 миллиард долларға 600 миллион доллар жинады. Айналым…