Инфрақұрылым🇰🇿 Казахстан2026 ж. 15 қыркүйек

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы қашан пайда болуы мүмкін?

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл сұраққа қатысты жауап берді

Редакция Kapital.kz·Kapital.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл сұраққа қатысты жауап берді
Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы қашан пайда болуы мүмкін?

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы қашан пайда болуы мүмкін? Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл сұраққа қатысты жауап берді 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы пайды болмайды. Ондай талап Катардың Power International Holding компаниясымен «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2/Altel брендтері) операторын сату-сатып алу мәмілесі аясында жасалған келісімде көрсетілген. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз брифингінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі. Брифингте министрлік өкілдеріне: «Неліктен елде бұрыннан келе жатқан байланыс операторлары ғана жұмыс істейді, неге шынайы бәсекелестік жоқ? Осыдан бірнеше жыл бұрын айтылған төртінші ұялы байланыс операторы қашан пайда болады?» деген сұрақ қойылды. «Қазіргі уақытта елімізде үш ұялы байланыс операторы жұмыс істейді — бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес қалыпты көрсеткіш. Көрші елдерге қарасақ, оларда екіден төртке дейін ұялы байланыс операторы бар. Тіпті нарығында екі-ақ операторы бар ірі мемлекеттер де кездеседі... Tele2/Altel операторын катарлық инвесторға сату мәмілесінен кейін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін 5G лицензиясын бере алмаймыз және жаңа ұялы байланыс операторларын құруға рұқсат жоқ. Сондықтан жаңа оператор енгізу мәселесі әзірге қарастырылып отырған жоқ», - деді Дамир Сейсембеков. «Қазіргі уақытта елімізде үш ұялы байланыс операторы жұмыс істейді — бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес қалыпты көрсеткіш. Көрші елдерге қарасақ, оларда екіден төртке дейін ұялы байланыс операторы бар. Тіпті нарығында екі-ақ операторы бар ірі мемлекеттер де кездеседі... Tele2/Altel операторын катарлық инвесторға сату мәмілесінен кейін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін 5G лицензиясын бере алмаймыз және жаңа ұялы байланыс операторларын құруға рұқсат жоқ. Сондықтан жаңа оператор енгізу мәселесі әзірге қарастырылып отырған жоқ», - деді Дамир Сейсембеков. Оның айтуынша, төртінші ұялы байланыс операторын ашу «инфрақұрылымды жақсартуға, қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және байланыс тарифтерін төмендетуге ықпал етуі тиіс». «Егер бұл қадам оң нәтиже бермесе, онда жаңа операторды кіргізудің қажеті бар ма? Сондықтан біз әзірге нарықты саралап жатырмыз, бірақ бұл бағытта нақты жоспарлар жоқ», - деді спикер. «Егер бұл қадам оң нәтиже бермесе, онда жаңа операторды кіргізудің қажеті бар ма? Сондықтан біз әзірге нарықты саралап жатырмыз, бірақ бұл бағытта нақты жоспарлар жоқ», - деді спикер. Сонымен қатар министрлік өкілдері шетелдік компаниялардың отандық нарыққа шығуы үшін барынша қолайлы жағдай жасалып жатқанын жеткізді. Дамир Сейсембеков Қазақстанның байланыс нарығына шетелдік ойыншылардың тартылып жатқанын да еске салды. «2025 жылы Starlink компаниясымен келісімге келдік, сондай-ақ еуропалық спутниктік оператор — Eutelsat OneWeb компаниясына жұмыс істеуге лицензия берілді. Бұдан азаматтарымызда технология тұрғысынан да, ұялы байланыс операторлары тұрғысынан да таңдау бар деп есептейміз. Қазіргі уақытта бұл үш оператор нарықта белсенді бәсекелесіп жатыр», - деп түйіндеді ол. «2025 жылы Starlink компаниясымен келісімге келдік, сондай-ақ еуропалық спутниктік оператор — Eutelsat OneWeb компаниясына жұмыс істеуге лицензия берілді. Бұдан азаматтарымызда технология тұрғысынан да, ұялы байланыс операторлары тұрғысынан да таңдау бар деп есептейміз. Қазіргі уақытта бұл үш оператор нарықта белсенді бәсекелесіп жатыр», - деп түйіндеді ол. 2025 жылдың қаңтарында «Казақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» (МТС) компаниясын катарлық PIH Communication LLC ұйымына сату мәмілесін аяқтады. Бұл — катарлық Power International Holding (PIH) холдингінің телекоммуникациялық активтерді басқару үшін арнайы құрған еншілес компаниясы. «Казақтелекомның» қаржылық есептілігінде «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 100% үлесін сату сомасы 1 млрд 100 млн долларды құрағаны, оның бір бөлігі шартты сыйақыдан тұратыны атап өтілген. Кейін Жоғары аудиторлық палата мәміленің нақты сомасын жариялады, ол — 517 млрд теңге. 2025 жылдың 16 қаңтарында катарлық инвестор МТС (Altel/Tele2) үшін 700 млн доллар көлеміндегі алғашқы траншты аударды — ол кезде бұл 370,7 млрд теңгеге баламалы еді. 2026 жылдың 22 қаңтарында МТС-тың бұрынғы иесі — «Казақтелеком» — «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-дегі 100% үлесін сатқаны үшін 25,4 млн доллар көлемінде екінші траншты алды. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының материалдарымен жұмыс істегенде тек 30% мәтінді ғана пайдалану, міндетті түрде көзге гиперсілтеме қою арқылы рұқсат етіледі. Толық материалды пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу қажет.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Зерттеулер1 мин

Anthropic AI бумын тамақтандыру үшін газды жағады

Ол көпшілікке шығуға дайындалып жатқанда, Anthropic компаниясының S-1 файлы генеративті AI-ның метанға тәуелділігін айқын көрсетеді. «Электрмен жабдықтауға және қуат көзі бар деректер орталығының орындарына қол жеткізу үшін бәсеке өте күшті». АҚШ бағалы қағаздарына берілген құжаттарда және…

The Verge — AI
Инфрақұрылым1 мин

Bedrock Robotics жалпы қаржыландыру көлемі 1 миллиард долларға жуықтады, өйткені автономды ауыр техникаға сұраныс артады

Bedrock Robotics құрылыс алаңының экономикасын жақсарту үшін үлкен экскаваторларды автоматтандырады. | Несие: Bedrock Robotics Сан-Францискода орналасқан Bedrock Robotics компаниясы CapitalG және Emergence Capital бірлесіп басқаратын C сериясын қаржыландыруға 4,1 миллиард долларға 600 миллион доллар жинады. Айналым…

The Robot Report