AI Qazaqstan
Казахстан

Материал на языке оригинала: Қазақша.

Елордада конкурдан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Астанада «Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан балалар, жасөспірімдер мен юниорлар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. 7-8 қараша, яғни екі күнге жоспарланғ...

7 ноября 2026 г. · Источник: El Orda Info

Астанада «Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан балалар, жасөспірімдер мен юниорлар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. 7-8 қараша, яғни екі күнге жоспарланған жарысқа еліміздің үздік жас шабандоздары қатысып, өзара мықтыны анықтауда, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш санат бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, 12-14 жастағы балалар 100 сантиметрлік, 15-18 жастағы жасөспірімдер 110 сантиметрлік, ал 16-21 жастағы юниорлар 120 сантиметрлік кедергілерден өтті. Ертең, 8 қарашада жарыс жалғасып, кедергілердің биіктігі артады. Балалар арасында 110 сантиметр, жасөспірімдер арасында 120 сантиметр, юниорлар арасында 130 сантиметрлік маршруттар бойынша сайыс өтеді. Чемпионаттың қорытындысы сол күні сағат 16:00-де өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады. Жарыстың бас төрешісі – Ирина Кнорр (МК1*). Гранд-төрешілер алқасының құрамында Валерий Стародубов пен Алуа Ишеева бар. Ал маршруттарды әзірлеуге курс-дизайнер Тамила Ерқанат жауапты. Спортты дамыту дирекциясының конкурдан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы Азамат Хасеновтің айтуынша, бұл чемпионат жас спортшылар үшін жылдың негізгі іріктеу кезеңі. Жарыстың басты мақсаты тек жеңімпаздарды анықтау емес, сонымен қатар ұлттық құраманың болашақ резервін қалыптастыру. «Бұл чемпионат – жылдың басты іріктеуі. Біздің мақсатымыз – тек жеңімпазды анықтау емес, болашақ ұлттық құраманың резервін көру. 100-ден 130 см-ге дейінгі күрделі маршруттарды курс-дизайнер Тамила Ерқанат дайындады, бұл балалар үшін нағыз сынақ болады. Осы жарыста мінезін көрсеткендер ертең үлкен ареналарға шығады», – деді Азамат Хасенов. Айта кетейік, чемпионаттың негізгі мақсаты – ат спортын дамыту, ұлттық құрама мүшелерінің шеберлігін арттыру және болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларды анықтау. Жарыс Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайындағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтуде. Көрермендер үшін кіру тегін.

Читать у источника →

Ещё в теме

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz