AI Qazaqstan
Казахстан

Материал на языке оригинала: Қазақша.

KEGOC жасанды интеллект арқылы жылына 5,5 млрд теңге үнемдемек

Қазақстанның ұлттық электр желісін басқаруға жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. KEGOC мәліметінше, бұл шешімдер электр энергиясының ағынын оңтайландырып, желідегі шығындарды азайту арқылы жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tech-news. Премьер-министр KEGOC нысандарына барып, ұлттық электр желісінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Сондай-ақ энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту

5 ноября 2026 г. · Источник: Tech-news.kz

Қазақстанның ұлттық электр желісін басқаруға жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. KEGOC мәліметінше, бұл шешімдер электр энергиясының ағынын оңтайландырып, желідегі шығындарды азайту арқылы жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tech-news. Премьер-министр KEGOC нысандарына барып, ұлттық электр желісінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Сондай-ақ энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту мәселелері талқыланды. Компанияның мәліметінше, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолданудан түсетін жылдық қаржылық әсер EBITDA көрсеткішінің шамамен 3%-ына тең. Бұған қоса, электр стансаларын жиілік пен белсенді қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосу жыл сайын тағы 4 млрд теңгеге жуық қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұлттық диспетчерлік орталықта электр энергиясын өндіру мен тұтыну арасындағы теңгерім бақыланады. Сонымен қатар KEGOC-тың 83 қосалқы стансасындағы жабдықтардың жұмысы осы орталық арқылы басқарылады. Жүйе 50 мыңнан астам көрсеткішті үздіксіз жаңартып отырады. Бұл желідегі ауытқуларды дер кезінде анықтап, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге көмектеседі. Мысалы, жыл басынан бері «Солтүстік – Оңтүстік» транзиттік желісінде жүктеменің күрт өсуіне байланысты 70-тен астам жағдай тіркелген. Олардың 95%-ы тұтынушыларды электр энергиясынан ажыратпай реттелген. KEGOC әзірлеген AI-KEGOC интеллектуалды платформасы 21 энергия торабы мен жаңартылатын энергия көздерінің 169 нысаны бойынша электр энергиясын өндіру және тұтыну көлемін бір тәулік бұрын болжайды. Бұл жүйе энергетикалық жүктемені алдын ала есептеп, электр қуатын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Компания синхрофазорлық өлшеу технологияларын да енгізіп жатыр. Олар электр желісіндегі өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға көмектеседі. Осы технологиялардың арқасында «Солтүстік – Оңтүстік» негізгі энергия дәлізінің өткізу қабілеті 250 МВт-қа артқан. Бұл шамамен бір қаланың электр энергиясын тұтыну көлеміне тең. Маңыздысы, қосымша қуат жаңа электр желілерін салмай-ақ қамтамасыз етілген. Нәтижесінде инфрақұрылымға қосымша инвестиция салу қажеттілігі азайып, электр энергиясының шығындары төмендеген.

Читать у источника →

Ещё в теме

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz