AI Qazaqstan
Казахстан

Материал на языке оригинала: Қазақша.

Сырым Итқұлов: Түркістан облысында 17 адам әлеуметтік көмек алу үшін бір үйдің мекенжайын көрсеткен

Түркістан облысында 17 адам аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмекті алу үшін өздеріне тиесілі емес бір үйдің мекенжайын көрсеткен. Бұл туралы саясаттанушы Сырым Итқұло...

7 ноября 2026 г. · Источник: El Orda Info

Түркістан облысында 17 адам аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмекті алу үшін өздеріне тиесілі емес бір үйдің мекенжайын көрсеткен. Бұл туралы саясаттанушы Сырым Итқұлов telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Оның сөзінше, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында да тұрмысы төмен отбасы тұрған. Алайда 2022–2023 жылдары мүлде басқа жерлерде тұратын тағы 17 адам әлеуметтік көмек рәсімдеу кезінде осы отбасының мекенжайын көрсеткен. Мұны облыстық прокуратура анықтады. «Ал өтініштерді қабылдаған қызметкерлерде бір мекенжайды осыншама адамның көрсетуі күмән тудырмағаны ма? Енді осы облыстың тағы бір ауданына — Отырар ауданына назар аударайық. Мұнда мүгедектігі бар балаларға 9 миллион теңгеге жуық қаражат толық төленбеген. Бұл туралы прокуратура 2 қарашада хабарлады. Аудандық мәслихат ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындағанымен, 96 бала өздеріне тиесілі қаражатты тек прокурорлардың араласуынан кейін ғана толық көлемде алған. Алысқа барудың қажеті жоқ. Осы екі жағдайдың өзі жергілікті жерлерде тәртіп орнатудың таңдамалы сипат алғанын және әлеуметтік көмек жүйесіндегі олқылықтарды пайдаланып, мемлекеттік жәрдемақыға арқа сүйеуге дағдыланған адамдардың оны оңай айналып өте алатынын айқын көрсетеді. Жалған мәлімет ұсынған адамдардан жауапкершілік талап етілетіні түсінікті. Бірақ әлеуметтік төлемдерді тағайындауға да біреу жауапты емес пе? Қалайша өзгенің мекенжайы әлеуметтік көмек рәсімдеуге жарамды болып шығады да, балаға тиесілі қаражатты төлеуге мәслихаттың шешімі жеткіліксіз болады? Қазан айындағы Жолдауында Тоқаев шенеуніктерді қатаң сынға алған болатын. Президенттің айтуынша, жылдар бойы мемлекеттік басқарудағы қателіктер жаңа жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдердің тасасында қалып келген. Тіпті ауқатты отбасылар да мемлекеттен қаржы алып жатқанда, мектептер мен ауруханалардың тапшылығы барған сайын күшейе түсті. Мемлекет басшысының «бюджет қаражаты есебінен халыққа жалған қамқорлық көрсету» туралы айтқан сөзі дәл осы жағдайға сай келеді. Жылдар бойы (тіпті жылдар емес, ондаған жылдар бойы) бізде әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібінің өзінде тәртіп болмады. Бұл жерде сөзді әдейі қайталап отырмын», - деп жазды Сырым Итқұлов. Ол ендігі мақсат — Отырар ауданындағы бала келесі жолы өзіне тиесілі қаражатты уақытылы, ешбір прокурордың араласуынсыз алатындай жүйе қалыптастыру екенін атап өтті.. «Әлеуметтік салаға үстірт түзетулер емес, түбегейлі жаңғырту қажет: * бөлінген әрбір теңгенің жұмсалуын ашық әрі мұқият бақылау; * әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету, яғни қолдауды тек оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсету; * жасырын кірістерді анықтайтын және төлемдердің қайталануына жол бермейтін цифрлық тетіктерді енгізу; * жүйелі мәселелерді бір реттік қаржы бөлумен «жабу» тәжірибесінен бас тарту; * бюджет қаражатын ұзақ мерзімді нәтижелерге — мектептер мен ауруханалар салуға, жұмыс орындарын ашуға және азаматтардың табысын арттыруға бағыттау. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз — адамдарды жәрдемақыға тәуелді ету емес. Бұл — әр азаматтың өзін және отбасын қамтамасыз етуіне жағдай жасау. Ал мемлекеттік көмек теріс пайдаланудың көзі емес, шын мәнінде мұқтаж жандарды қолдаудың тиімді құралы болуы тиіс. Салық төлеушілердің қаражаты бір реттік төлемдер мен күмәнді схемаларға жұмсалып, із-түзсіз жоғалмай, алдағы жылдарға қызмет ететін нақты нәтижелерге бағытталуы керек», - деді ол.

Читать у источника →

Ещё в теме

КазахстанКак привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCCВ Душанбе в рамках AIConf 2026 прошла панельная дискуссия Venture at Altitude, посвященная инвестициям в AI-стартапы... Сообщение Как привлечь инвестиции в AI-стартап: советы венчурных инвесторов из Центральной Азии и GCC появились сначала на THE TECH .The Tech.kz — венчур и стартапы
КазахстанAlphabet Qualcomm компаниясына $548 млн инвестиция салдыAlphabet холдингі Qualcomm чип өндірушісінің шамамен $548 млн тұратын акцияларын сатып алды. Инвестиция 2026 жылдың үшінші тоқсанында жасалған. Бұл қадам Qualcomm компаниясының жасанды интеллект инфрақұрылымы мен деректер орталықтарына арналған процессорлар нарығына шығуын күшейту жоспарымен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Tech-news. Alphabet пен Qualcomm бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып келеді. Qualcomm Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондарға арналған процессорлар жеткіTech-news.kz
КазахстанАкции Nvidia упали на 5% на фоне скандала вокруг главы компанииПричиной стали расследования компании после сообщений о том, что глава компании Дженсен Хуанг стал объектом внимания иностранной разведки, пишет cnbc.com. Акции упали на предварительных торгах, поскольку инвесторы оценивали риски, связанные с ситуацией вокруг Хуанга. По сообщениям газет The New YorkTelegram — Kapital.kz